Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ішкі нормативтік актілердің сақталуын бақылау
- Заңнамадағы және реттеуші талаптардағы өзгерістерді мониторингтеу;
- Жаңартылған нормаларды корпоративтік рәсімдерге енгізуді қамтамасыз ету.
- Іскерлік этика кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, дербес деректерді қорғау саясатын және басқа да ішкі құжаттарды әзірлеу және өзектендіру.
Қызметкерлерді оқыту және кеңес беру
- Комплаенс пен этикалық мінез-құлық мәселелері бойынша тренингтер мен ақпараттық науқандар өткізу;
- Басшылар мен қызметкерлерге нормаларды сақтау жөнінде кеңес беру.
Құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу
- Ішкі тексерулер жүргізу және комплаенс тәуекелдерін бағалау;
- Құқықбұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларға ден қою, ақпарат берушілерді қорғауды қамтамасыз ету.
Есептілік және басқару органдарымен өзара іс-қимыл
- Бақылау кеңесі мен Бас директорға тұрақты есептер дайындау;
- Корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған стратегиялық бастамаларды әзірлеуге қатысу.