ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

20.09.2022

ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

Кеше Алматыда «Ғылыми білім және тарихи жады мәселелері: жергілікті және жан-жақты» атты білім мәдениетін қолдауға бағытталған ІІІ Халықаралық конференция өтті.

«Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық онжылдығы» (2013–2022) және ЮНЕСКО-ның білім құруға бағытталған идеяларын практикалық іске асыру аясында конференцияны ЮНЕСКО қамқорлығындағы аты аңызға айналған ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқаратын Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияда ғылыми білімді, оның шекаралары мен тарихи жадыны қалыптастыру факторларын түсіну ұсынылды. Сонымен қатар, жиын аясында ұсынылған тақырыпты Орталық Азия қоғамының өңірлік жағдайында ХХ-ХХІ ғасырлардағы кросс-мәдени келешегін зерттеу, оның даму себептерін анықтау мақсаты болды.

Жалпы, конференция барысында білімнің факторлары мен деңгейлері, тарихи жадының ақпараттық алаңы және жады саясаты мен қоғамдық сана мәселелері талқыланды

«Бүгінгі конференцияның тақырыбын ғылыми зерттеу қажет. Себебі, әртүрлі дәуірлердегі зорлықзомбылықтың өршуі көбінесе тарихи жады қақтығыстардан басталады. Өйткені, бұл әртүрлі әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшелігі мен субъективтілігін қалыптастырудың негізі болып табылатын тарихи ғылым. Азияның қазіргі заманғы қоғамдарының тарихи ғылымы. Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы мақсаттарына қол жеткізудегі іс-әрекеттің практикалық бағыттарының бірі. «Мифтерді жоққа шығару және жаңсақ пікірлер мен таптаурындардан арылу мақсатындағы тарихи білім беру» болып айқындалған. Осыған байланысты тарихи жадыны қалыптастырудағы ғылыми білімді, оның шекарасын және факторларын түсінуміз қажет деп санаймын», – деп атап өтті Олжас Сүлейменов.

Дос ОРЫНБЕКҰЛЫ.

Газета   ГАЗЕТА «АЛМАТЫ АКШАМЫ» №108 (6243) 20 қыркүйек, 2022 жыл

https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2022/09/n108.pdf