ФСДИ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

24.02.2023



ФСДИ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

 

2023 жылғы 24 ақпан жұма күні ФСДИ Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі С.Т. Сейдумановтың басшылығымен ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесінің жоспарлы отырысы өтті.

Отырыс барысында Ғылыми кеңес мүшелері ФСДИ ғалым хатшысы Д.М. Жаңабаеваның хабарламасын тыңдады, ол өз әріптестеріне 2023 жылға арналған ҚР ҒЖБМ ҒК "Философия, саясаттану және дінтану институты" ШЖҚ РМК жұмыс жоспарын келісуге ұсынды.

ФСДИ жоспарының жалпы құрылымы негізгі блоктарды қамтиды:

* Ұйымдастыру қызметі.

* Ғылыми қызмет және ғылыми әлеуетті дамыту.

* Ғылым, бизнес және қоғамның өзара іс-қимылын нығайту.

* Ғылыми басылымдардағы жарияланымдық белсенділік.

* Монографиялар мен оқу құралдарын шығару.

* Халықаралық қызмет.

* Білім мен ғылымның интеграциясы.

* Әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру.

* Іс-шаралар күнтізбесі.

* Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.

 IMG_20230224_100115.jpg

ФСДИ жұмыс жоспарының жекелеген бөлімдерінің мазмұны бойынша Ғылыми кеңес мүшелерінің атынан бірқатар редакциялық ұсынымдар мен толықтырулар айтылды. Ұжымдық талқылау қорытындысы бойынша ҚР ҒЖБМ ҒК "Философия, саясаттану және дінтану институты" ШЖҚ РМК-ның 2023 жылға арналған ұсынылған жұмыс жоспары бірауыздан бекітілді.

Содан кейін Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесі мүшелерінің алдында баяндамалар жасалды:

    * Философия орталығының директоры С.Е. Нұрмұратов;

    * Дінтану орталығының директоры А.Д. Шағырбай;

    * Саяси зерттеулер орталығының директоры А.М. Әміребаев;

    * Баспасөз хатшысы Ж.М. Естаев.

Барлық ұсынылған ақпараттық хабарламалар мақұлданды және кейбір ұсыныстар Ғылыми кеңес мүшелері тарапынан назарға алынды.

Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесінің отырысы соңында "әртүрлі" мәселесі бойынша корпоративтік іс-шараларды өткізудің ұйымдастырушылық-техникалық жоспарлары қаралып, бекітілді.

 IMG_20230224_102512.jpg

ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы