ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫНА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!

05.04.2023

ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫНА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!

    ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫНА АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!

 

Томашева Ақнұр - Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтындағы көркем әдебиет кітапханашысы

 

 

   Бүгінде біле-білгенге алатын құнды ақпараттар мол. Осындай шексіз ақпараттарды бүгінгі жастар барынша қамтып, игеріп, мүмкіндігінше тиімді пайдаланып, кәдеге жаратқандары дұрыс. Осы тұрғыдан келгенде, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтындағы ғылыми әдебиет кітапханасының оқырмандары үшін үлкен жігер мен қайсарлықты талап ететін мүмкіндік жетерлік.

Болашақ жауапты офицер мамандығының иелері осындай мүмкіндікті босқа жібермейді. Мұндай шараны тиімді пайдаланып, сол шексіз ақпараттарды ұшан-теңіз білімге айналдыру – кітапханашының міндеті.

Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы «Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын кез» дегендей, кітапханаға келетін курсанттардың көпшілігі азат ойлы білімді әрі интеллигент, терең көзқарастағы азаматтар деп айтар едім. Себебі, сабақтарының қиыншылығына қарамастан жастарымыздың алдағы болашаққа ұмтылып, елдің болашағы, ұлт мүддесіне деген биік мақсаттарына жету үшін ұмтылыс, талпыныстарына шын жүректен риза боласың.

Бір қуанарлығы, институттың курсант жастарының білімге, оқуға деген, үйренуге ықыластары ерекше. Осы тұрғыдан келгенде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Философия, саясаттану және дінтану институтына деген зор құрметін білдіре отырып, соңғы жылдары жарыққа шыққан ғылыми еңбектеріне қызығушылық танытуын көріп риза боласың. Бүгін осы Инститтуттан оқу процесіне көмек ретінде 200 дана кітапты сый ретінде қабыл алып отырмыз. Мұндай құнды еңбектер студент-жастар үшін үлкен сыйлық.

Осы тұрғыда айтарымыз, сәуір айындағы Ғылым күні қарсаңында Философия, саясаттану және дінтану институты ғалымдары ұйымдастырған кітап көрмесіне байланысты шараға орай бізге сыйлаған құнды еңбектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз!

Ұлттық құндылықтарды жастарға дәріптеп, кіпапханаға рухани демеу беріп отырған Сіздерге – ғылыми институттың ғалымдары мен ұжымына үлкен алғысымды айтамын!

IMG_20230405_103601.jpg

IMG_20230405_102702.jpg

IMG_20230405_105159.jpg