ТЕОЛОГТАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ДӘРІСТЕРІ

31.03.2023

ТЕОЛОГТАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ДӘРІСТЕРІ

ТЕОЛОГТАРДЫҢ КӨШПЕЛІ ДӘРІСТЕРІ

   

2023 жылдың 14, 16, 17 наурыз күндері ҚР БЖҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының директоры Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы Күзет басқармасы мекемесі «Қыстаубайұлы Манас», «Ер Жәнібек», «Әл Азим» мешіттерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Наурыздың 28 жұлдызында Алматы қаласының гарнизоны әскери полиция басқармасының сарбаздары мен офицерлері арасында экстремизм мен терроризмге қарсы дәріс жүргізді.

 

Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, ұлттық және діни құндылықтардың арақатынасы туралы экстремистік идеяларды тарату әдістері туралы айтылды.

Шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.