ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ: ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР

16.11.2022

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ: ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ: ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР

А.Д.Шағырбай Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы

Қарашаның он бесінші жұлдызында Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының директоры Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік кафедрасында «Зайырлылық: ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР» тақырыбында студенттер мен кездесу дәрісін өткізді.

Бүгінде Қазақстан Республикасында діндердің жалпы ахуалы қалыпты деңгейде дамып келеді. Өйткені Қазақстан  авторитарлық, тотолитарлық және теократиялық басқару жүйесінен өзгеше. Қазақстан зайырлы мемлекет болуына байланысты ресми түрде діндерге мейлінше бейтарап қарайды. Ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес.

 Қазіргі кезде Қазақстанда дін мәселесі сөз болғанда негізгі мәселелер ұлт тағдыры, мемлекет, зайырлылық, салт – дәстүр, мәдениет, мемлекеттің тізгінін ұстайтын, болашақта мемлекетіміздің  дамуына үлес қосатын жастарымыздың жағдайына зер салып қарайтын  мәселелердің бірі көтерілетіндігі сөзсіз.

Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екені сөзсіз.