«Қара және ақ тастардың өзіндік мәні бар»: Айдар Әміребаев «Тағзым» мемориалы туралы

23.12.2022

«Қара және ақ тастардың өзіндік мәні бар»: Айдар Әміребаев «Тағзым» мемориалы туралы

«Қара және ақ тастардың өзіндік мәні бар»: Айдар Әміребаев «Тағзым» мемориалы туралы

Бүгін Алматы қаласында Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының ашылу салтанатына қатысқандардың ішінде Саяси зерттеу орталығының басшысы Айдар Әміребаев та болды. Elorda.info тілшісі қаңтар қырғынында қаза тапқандардың рухына көпшілікпен бірге тағзым еткен Айдар Молдашұлына хабарласып, мемориал туралы пікірін жазып алды. 

Бүгін Алматы қаласында Қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының ашылу салтанаты өтті. Ол қала әкімдігі ғимаратының жанындағы саябақта, Сәтбаев көшесінің жоғарғы жағында орналасқан. Ашылу салтанатына халық көп жиналды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қаңтар айындағы оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. Жалпы мемориал қою туралы кезінде Президент қаңтар оқиғасынан кейін Алматыда болғанда айтқан еді. Міне, бүгін осы мемориал жанында болып, оқиға кезінде қаза тапқан құрбандардың рухына тағзым ету бұйырыпты. Шынымды айтсам менің көңілімнен шықты. Себебі, бұл жұмыс  ежелгі ата-бабаларымыз тасқа басу дәстүрімен орындалған. Өздеріңіз көргендей, қара мен ақ тастар қойылған. Қара тастың мағынасы қазақтың басынан өткен киын-қыстау кезеңдерді, қайғы-қасіретті білдіреді... Ал ақ тастар қазақтың болашақ үміті! Сөздерді айтатын болсақ ішінде ел аузынан шыққан, Күлтегін мен Майқы би бастаған, ұлы Абай мен Әлихан Бөкейхан аталарымыздың, Мұқағали Мақатаев пен Жұбан Молдағалиевтің жалынды сөздері жазылған. Мен барлығын  қарап шыққанда үлкен бір сезімде болдым. Әрине, қаңтар оқиғасы бір күнде ұмытылмайды. Бірақ, мен біз әлі де бірігіп, өз елімізді көркейтетінімізге үміттенемін,- деді  Саяси зерттеу орталығының басшысы Айдар Әміребаев.

23.12.2022, 16:13

Зарина Сәрсенбайқызы

https://kaz.elorda.info/aleumet/27376-kara-zh-ne-ak-tastardyn-ozindik-m-ni-bar-aidar-mirebaev-tagzym...