Алға Қазақстан!

19.03.2023



Алға Қазақстан!

 

Нурмухаммед Мейманходжа

Философия, саясаттану және дінтану институтының

ғылыми қызметкері

 

Бүгін 2023 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен маслихат депуттарын сайлау күні, Еліміздің тұрақтылығы мен дамуы үшін дауыс бердім. Қазіргі әлемдегі геосаяси, рухани құндылықтардың әр-алуандығы заманында әділетті қоғам, әділетті мемлекетті нығайту әр-бір азаматтың таңдауында болуы тиіс.

Мемлекет Басшымыз Қ.К. Тоқаев бастаған саяси, экономикалық реформаларды және қоғамды трансформациялауға арналған қадамдарға қолдау білдірейік.

Халық қалаулыларын таңдап, еліміздің кемел болашағы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарына сәттілік болсын. Алға Қазақстан!