БҰЛ САЙЛАУДАН ҮЛКЕН ҮМІТ КҮТЕМІН!

14.03.2023



БҰЛ САЙЛАУДАН ҮЛКЕН ҮМІТ КҮТЕМІН!

 

 

Альбина Еркетайқызы

ҚР БЖҒМ ҒК Философия,саясаттану

және дінтану Институтының ғылыми қызметкері

 

 

Біздер яғни жастар осы сайлаудан үлкен үміт күтеміз. Өйткені, бұл біздің болашағамызды, ертеңімізді, өскелең ұрпақтың ертеңін анықтайтын, айдында жүзген кемеміздің нақыт бағытын айқындайтын әділ сайлау болуға тиіс деп санаймын. Бұл сайлауға да санаулы күндер қалды. Әр партияның үгіт насихат жұмыстары қызуда. Қазақстан Халқы аз күннен соң ел болашағы үшін өз таңдауын жасайды. Бұл саяси науқаннан кейін жаңа сайланатын халық қалаулыларынан біз не күтеміз?

Жиырма жыл өзгеріссіз бір саяси-экономикалық жүйемен дамып келе жатқан Қазақстан халқы биылғы сайланатын партия тізіміне және жеке кандидаттардан жаңаша мүмкіндіктер мен толағай табыстар күтіп отырғаны сияқты мен де еліміздің жас буын азаматшасы ретінде ұлттық құндылықтарымыздың жоғары бағаланып, мәртебесіне лайық өз орын алуына тілектеспін.

Ресми іс-қағаздарды 100% мемлекеттік тілге көшіріп, мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білуді міндеттесе екен деп армандаймын. Сонда ғана қазақ тілінің мәртебесі көтерілер еді. Қазірде белең алып бара жатқан қымбатшылыққа қарсы ұзақ мерзімдік бағдарлама қабылдаса, халқымызды жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін жаратса елдің сайлауда берген даусының ақталғаны болмақ.

Мемлекет тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өйткені ол әр азаматтың өзінің тағдырына, қала берді ел тағдырына әсер етпек. Бұл сайлаудан үлкен үміт күтемін.

Ендігі кезек – таңдауда, яғни сізбен бізде...