БОЛАШАҚҚА ҮМІТПЕН ҚАРАЙЫҚ!

14.03.2023



БОЛАШАҚҚА ҮМІТПЕН ҚАРАЙЫҚ!

 

 

Философия, саясаттану және

дінтану институты дінтану

орталығының ғылыми қызметкері

Қасабекова Еңлік Құралғазықызы

   

Жалпы елдегі соңғы саяси ахуалдар легі халық үшін көңіл толарлық дәрежеде өріс табуда. Олай дейтін себебіміз, елдегі орын алып отырған жалпы және саяси жағдайлар әзірге оң өзгерістерге толы. Осындай ел тағдыры үшін маңызы зор жаңалықтардың бірі келесі аптада өтетін Мәслихат және Парламент депуттарын сайлау науқаны. «Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек», себебі бұл сайлауда кандидаттар тек партиялардың атынан емес, жеке өз аттарынан қатыса алады. Мұның өзі де саяси реформалардың жандануын көрсететін бірден бір тың әрі жаңа өзгерістерге жатады.

Сайлауға түсетін әр партияның, әрбір қатысушының өзінің жоспары, мақсат-міндеттері бар. Кез келген сайлау кандидаттарының мақсат-мүддесі Жаңа Қазақстанның болашағына жаңа леп әкелу мен елдің дамуына үлес қосу. Соңғы жылдардағы бәрімізге белгілі «Карантин кезеңі, «Қаңтар оқиғасы» мен оның салдары секілді қиындықтар ел еңсесін аздап түсіргендей. Осы жолы халық жаңалықты, жақсылықты көксейді, сайлау нәтижелерінен зор үміт күтеді, жаңа өзгерістер күтеді, әлеуметтік жағдайымыздың жақсаратына сенеді. Олай болса, аталмыш сайлаудың әрбір мүшесінің сайлауалды бағдарламаларының іске асып, елге елеулі өзгерістер әкеліп, экономикалық жағдайдың жаңа серпін алатынына үлкен үмітпен қарап, оларға сәттілік тілейік. Шынайы жүйріктер, шынайы саңлақтар, ел қамын ойлайтын азаматтар озсын!

Сайлауға қатысып өз дауысымызды беру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, ел тағдырына немқұрайлы қарамайық. Сіздер мен біздердің дауысымыз ел үшін, өз болашағымыз үшін өте маңызды. Өз балаларымыздың, өз еліміздің болашағымызға бейжай қарамайық! Сайлау науқанының кандидаттарына өз дауысызды берейік! Бірге, бірлесіп Қазақстанды дамытуға өз үлесімізді қосайық.