БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!

17.03.2023



   БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!

 

 

Қоңырбаева Күлсия Мағражқызы,

ҚР БҒМ ҒК Философия,

саясаттану және дінтану

институтының жетекші ғылыми қызметкері

 

2023 жылдың 19 наурызында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттар ұсынуға қызу дайындық аяқталуға бірер күн қалды.

Халқымыздың белсенділігі, ауызбіршілігі, ынтымағы осы сайлауда көрінеді деген сенімдеміз. Бұл сайлауда халық арасынан шыққан тәуелсіз кандидаттар партиялармен бәсекеге түседі. Жаңа әділетті Қазақстанның Парламенті мәжілісіне халық үнін жеткізуші, еліне адал қызмет ететін депутаттарды таңдау өз қолымызда.

Сондықтан сайлауда өз таңдауымыз арқылы еліміздің жарқын болашағына адал қызмет ететін жастар кандидатураларын қолдайық. Болашақ жастардың қолында!