ЕЛ СЕНІМІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

28.02.2023

ЕЛ СЕНІМІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ЕЛ СЕНІМІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

 

 Нүркен АЙТЫМБЕТОВ, Философия, саясаттану және дінтану Институты Саяси зерттеулер орталығы директорының орынбасары.

 

2023 жылдың 19 наурыз айында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу саяси жүйені түбегейлі жаңартатын бастаманың жалғасы болғалы отыр деп күтілуде. Осы бастамалар жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы саяси реформалардың бағыты қалай болатынын жылдың басында бірнеше мәрте өз сөйзінде қадап-қадап айтты. Бұл дегеніміз Қазақстанның саяси жүйесінде алдағы уақытта елеулі өзгерістер күтіп тұрғанын көрсетеді. Осыған орай елімізде тың идеялар мен сындарлы көзқарастарға толы, саяси жүйенің уақыт талабына сай бәсекеге қабілеттілігін арттыра алатын, өздерінің жаңа сайлауалды бағдарламаларын ұсына алатын, жаңа саяси партиялар келеді деп айтқан болатын.

Еліміздегі азаматтық белсенділер мен партиялар жұмысын жандандыруға сайлау науқанына дайындықтан артық ештеңе серпін берме алмасы анық. Халықаралық нормаларға сай өткізілген әділ сайлау демократияның нақты өлшемі, саяси жүйеге сенімнің нақты көрсеткіші екені белгілі. Шын мәнінде, жыл басынан бері қарай еліміздегі саяси өмір алаңына жан бітіп, қыза түскеніне бәріміз күәгер болдық. Партияларға қойылатын талаптар жеңілдетілгеннен кейін қоғамдық қозғалыстар саяси партияға айналуға бастама көтере бастады. Ал жекелеген танымал белсенді тұлғалар өз алдына жаңа партия жасақтауға тырысты.

Қоғамдық сенім – күрделі әлеуметтік құбылыс екені рас. Ал, сайлау – қоғамдық сенімнің деңгейін, халықтың саяси мәдениеті мен қоғамдық келісімнің ерекше үлгісін көрсететін саяси алаң деп айтуға болады. Халық өзі таңдап дауыс беретін кандидатқа сенім артады. Сондықтан алдағы сайлауда әрбір қазақстандық сайлауға белсенді қатысып өзінің азаматтық таңдауын жасайды деп ойлаймын. Дегенмен сайлауға деген халықтың сенімі сайлаудың қалай өтетініне тікелей байланысты. Онсызда соңғы отыз жылда халықтың сайлауға сенімі өте әлсіреп төмендеп кеткені анық.

Егер шын мәнінде «Жаңа Қазақстан» құрамыз десек, ескі сарқыншақтардан арылып, демократиялық қағидаттарға негізделген әділ сайлау өткізуге бір табан жақындау керек. Өйткені, сайлау – бұл ашық күштердің еркін бәсекеге түсетін ортасы және бәсекелестіктің нәтижесі қандай болса да саяси кеңістіктің бірден-бір заңды формасына айналу болып табылады. Жалпы, кезектен тыс өткелі отырған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы – бүкіл қазақстандық қоғамды топтастыруға, жауапкершілік танытуға, демократия, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарына адал болуға, қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігін паш етуге шақырады деп сенеміз.

 

https://www.facebook.com/nurken.aytymbetov