ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР МЕН ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ

10.04.2023



ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР МЕН ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ

 

ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталыының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұратов С.Е.

Қазіргі тарихи кезеңде Қазақстанның зияткерлік кеңістігінде гуманитарлық ғылымдардың дамуына және жоғарғы мектепте олардың дәрістелуіне инновациялық көзқарастар қалыптасуда. Себебі, жаңа заман өзінің ерекшеліктерімен ғылым мен білім салаларына жаңа талаптар қоюда. Әлемдік деңгейдегі ғылымның дамуы жоғарғы біліммен биік деңгейде интеграцияланған. Ғылымдағы жаңа жетістіктер білім беру процесі уақытылы ендеп, қолданысын тауап отырады. Атақты университеттер құрылымына теориялық ғылымды зерттеу орталықтары да кіреді. Міне, осы өркениеттік бағытта қоғамдық санамызда бұрыннан қалыптасып қалған стереотиптерді жеңіп, университеттердегі жоғары деңгейдегі интеграциялық үдерістерді өрбітуге тиістіміз. Сондықтан ғылыми-зерттеу институттары жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып әртүрлі қызметтер атқару қажет. Қазіргі тарихи кезеңде гуманитарлық ғылым саласының мамандары жоғары білім кешендерінде қызмет атқарып жүрген оқытушылармен шығармашылық ынтымақтастықта болғанынан студент жастарымызға сапалы білім беру мүмкіндігі ұлғаяды.

Қазақстан Республикасы ғылым мен білім кеңістігінде «Жалпы гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасаған жөн. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие бола алады. Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау маңызды. Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады.

Әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болды. Енді бұл саладағы ықпалдасу маңызды.