ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАР

12.04.2023



ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАР

ФСДИ Жетекші ғылыми қызметкері

Омарова Г.С.

 

Ғылымы озық мемлекет ең алдыңғы қатарлы даму сатысында болады. Дамыған елдердің ғылыми орталықтары цифрлық инфрақұрылымдары тиісті құрал жабдықтармен жабдықталып, озық технологиялармен қамтамасыз етілген алуан түрлі зерттеулер алаңы ғалымдарға оңтайлы жағдайлар жасап, қажет болған жағдайда ғалымдарды сол жаңа технологияларды меңгеруге ынталандыру т.б. секілді жағдайлар жасап қоюы зерттеуге құштар ғалымдарды ынталандырары сөзсіз.

"Білімді мыңды жығады"демекші қазіргі кезде әлемнің таңдаулы ғылыми зерттеу орталықтарында алуан түрлі салаларда жаңалықтар ашып, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізіп әлемге танылған қазақ ғалымдары бар. Солардың арасында Франциядағы Густав Рози атындағы онкология орталықталығының "ДНК репарациясы" зерттеу орталығының меңгерушісі, 25 жылдан астам уақыт биология саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп келе жатқан биология ғылым кандидаты, Франция және АҚШ ғылыми зерттеулер орталықтарында еңбек етіп PhD докторы атанған Мұрат Сапаров бар. Ол АҚШ биохимия және молекулалық биология қоғамының, Франция генетикалық токсикология қоғамдарының мүшесі. Оның SKPUS және Web of. Science базаларына кіретін жоғары рейтингті журналдарда 100-ден астам ғылыми мақалаларына қоса ғалымның мақалаларына 3500 сілтеме бар екен.

Атом энергиясы саласында ядролық қауіпсіздікті сақтау ұйымы МАГАТЭ-де ғылыми зерттеулер жүргізген қазақ ғалымы Д. Т. Рахманқұлов сол қызметте жүргенде 2005ж. МАГАТЭ ұйымы мен оның басшысы Мухаммед әл Барадей Нобель силығын алған. Отандасымыз Д. Рахмақұлов аталған ұйымның Бейбітшілік саласындағы қызметіне үлкен үлес қосқан.

Көптеген отандастарымыз шетелдердегі алдыңғықатарлы ғылыми орталықтарда қызмет етеді. Солардың арасындағы Қуат Есенов Гиннестің рекордтар кітабына енген, PhD докторы, математик АҚШ-тың Массачусетс университетінде қызмет атқарады; Еркін кітапбаев Бостон университетінің математика саласында профессор; Ұзақ уақыт медицина саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп "Франция медицина докторы" атағын алған М.Төребаева т.б. көптеген ғалымдарымыз бар. Сонымен қатар АҚШ, Түркия, Франция, Тұманды Альбион т.б. елдерде ғылыми жұмыстар атқарып жүрген ғалымдар бар. Штелдерде озық технологиялармен жұмыс істейтін ғалымдарымыз халықаралық алуан түрлі салаларда өзара білім мен тәжірибе алмасу алаңында болуы да ғылыми зерттеулерге керек дүниелердің бірі. Дегенмен ұпақ сабақтастығын жалғастыратын жас ғалымдарды тарту ғылымға жаңа серпін береді деп ойлаймыз.

 

11.04.2023, 17:25