Әрекет уақыты келеді

29.03.2023



Әрекет уақыты келеді

Дамир Фазылжан

29 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламентінің VIII шақырылымының алғашқы сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бірнеше маңызды әрі өзекті мәселелерге тоқталып кетті. Біріншіден, Парламентте ұзақ уақыттан бері оппозиция өкілдері ұсынылғанын және көппартиялы Үкімет қалыптастырудағы үлкен қадам жасалғанын айтты. Екіншіден, азаматтардың өмір сүру деңгейі төмен болып қала беруі, байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықтың еселенуі туралы да сөз қозғап, дереу нақты әрекеттер жасау қажеттілігін алға тартты. Үшіншіден, табысты әділетті бөлу, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға мемлекет тарапынан көмек сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелер жаңа Үкімет шешетін алғашқы міндеттердің бірі болады.