САЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДА...

15.03.2023



САЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДА...

Кельдинова Айман Бауржановна,

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия орталығының ғылыми қызметкері, PhD докторанты

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы қарсаңында қазақстандық жастар қауымы алдағы сайлауға үлкен үміт артып отыр. Қазақстандықтар халық үніне құлақ асатын Жаңа Қазақстан даму деңгейін, билік пен халық арасында конструктивті диалог орнауын, қоғамдық өмірдің барлық салаларында оң өзгерістер трансформациясын асыға күтуде.

Бұл ретте аталмыш сайлаудың іске асырылуы үлкен маңыздылыққа ие. Яғни, бұл жағдайда белсенді азаматтық ұстанымды танытуымыз арқылы мемлекет мүддесіне айтарлықтар әсер етуімізді және жаңа өзгерістерге келетінімізді түсіну керек. Сол себептен де, біздің ортақ міндетіміз – сайлау күні тағайындалған сайлау учаскелеріне келіп, ел билігіне лайықты кандидаттарға дауыс беру нәтижесінде өзіміздің азаматтық борышымызды орындау.

Осылайша, жаңартылған депутаттық корпустың арқасында Парламенттің төменгі палатасында және өңірлік мәслихаттарда мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара жауапкершілікке, құрмет пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптастыруға нық қадамдар жасай аламыз.