XIX Ғ. СОҢЫ МЕН XX Ғ. БАСЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ДІНИ АХУАЛ

22.12.2022



XIX Ғ. СОҢЫ МЕН XX Ғ. БАСЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ДІНИ АХУАЛ

Шагырбай А., Сарсенгали Б., Мирзаходжаев А.

Мақалада XIX ғасы соңы мен XX ғасыр басындағы әлемдік діни ахуал аспектілері шеңберінде ислам әлеміндегі мұсылмандық ғалымдар мен дін қайраткерлерінің ой-толғамдары мен тұжырымдары жинақталып қарастырылады, ислам мәдениетінің өкілдері ретінде Индиядағы, Мысырдағы ғалымдардың аталған тарихи кезеңдегі құндылықтар мен діни көзқарастары туралы пікірлері зерттелген.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы аталған ғасырлар шеңберіндегі тарихи ерекшеліктеріне байланысты Татарстан ғұламалары тара-пынан бастау алатын «жәдидшілік» мектебінің өкілдерінің еңбектері мен діни ағартушылық жұмыстары туралы ба-яндалады. Қазақ руханиятының жаңа дәуірдегі даму ерекшеліктеріне «жәдидшілік» қозғалысының ықпалы, медреселердің атаулары, орналасқан аймақтары туралы мәлімет жазылған. Қазақтың белгілі ақыны, тарихшы, ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жастық шағы мен білім, ғылымға үйренген өмірлік кезеңдеріне ықпал жасаған діни ахуал мен орта туралы бірқатар деректер қарастырылады.

Дәстүрлі қазақ руханиятының дамуына әсер еткен факторлардың қатарында атақты ағартушы, ғұлама тұлғалардың қалыптасуына әсер еткен мұсылмандық мемлекеттердегі реформаторлық тұлғалардың пікірлері жазылған.

Журнал «Адам Әлемі»  №3 (93) 2022,маусым

https://adamalemijournal.com/index.php/aa/issue/view/44/42