ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА ҮМІТ

15.03.2023

ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА ҮМІТ

ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА ҮМІТ

 

Мейрамгүл ИСАЕВА, Саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері.

 1678849925117.jpg

Бұл жолғы сайлаудың өзгешелігі: біріншіден, сайлауға түсетін партиялардың саны бұрынғы сайлауға қарағанда көп болуы, яғни көппартиялық жүйенің дамуында шынайы қадамдардың болуы; екіншіден, жаңадан құрылған партиялардың саяси аренада өзін жаңа серпін, жаңа мақсат, жаңа үмітпен таныта білу мүмкіндігі; үшіншіден, саяси процесс ретінде бұл жолғы сайлауда партия саны тұрғысынан шынайы бәсеке құбылысының орын алуы; төртіншіден, жаңа партиялардың құрылуы жаңа бір саяси идеологияның туындауына әкелетіндіктен қоғамда саяси плюрализм дамуына жол ашылуы, бесіншіден, жаңа партияның құрылуының өзі ел азаматтарының саяси белсенділігінің артуы нәтижесінде бірлесу бостандығы құқығын қолдана білуі, нәтижесінде азаматтарда саяси белсенділік пен саяси мәдениеттің дамуына әсер етуі; алтыншыдан, жаңадан құрылған саяси партияларды азаматтардың қолдап мүше болуының өзі азаматтардың саяси құқықтарын қолданғандығы елдегі демократия дамуының бір көрінісі ретінде бағалануы секілді бірнеше ерекшелігін атап өтуге болады.

Саяси бәсекеге жеті саяси партия үміткер ретінде өз өкілдерін ұсынды. Бұл үміткер партиялар арасында отыз жылдық тәжірибесі бар «алып» партиялармен қатар құрылғанына екі айдай ғана уақыт болған «жаңа, жас» партиялар да бар. Үміткер партиялар потенциалы, идеологиялық мазмұны, тіпті партия мүшелері тұрғысынан да әр алуан. Телеарнадағы бағдарламада партия өкілдері арасынан бір партияның екінші бір партияға (тәжірибелі партия өкілінің жаңа партия өкіліне) коалиция ұсынылғаны, алдағы уақытта бірлесе қызмет ету туралы ұсыныстары туралы айтылды. Бұл ұсыныс жаңадан құрылған бір партияның өзінің жаңа жолын бағдарлау талпынысындағы әрекеттерінен бас тартып, қайтадан ірі партиялардың көлеңкесінде қалып қою жағдайын туындатуы мүмкін.

Партиялар жүйесінде саяси партиялар санының көп болуы және бұл партиялардың өз идеологиясын жүзеге асыруға деген шынайы бәсекелестігі қоғамда саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуға жол ашатынын, нәтижесінде адам құқықтары қорғалатын, азаматтардың мүддесіне қызмет ететін демократиялық қоғамның орнығуына жол ашады.

 

 

Газета «Almaty-Akshamy» №35 (6328) 14 наурыз, 2023 жыл

 

https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2023/03/n35.pdf