← Назад к списку

«Исламдағы гендерлік теңдік: ислам феминзмі және дәстүршілдік»

Ғылыми-зерттеу жұмысының атауы: «Исламдағы гендерлік теңдік: ислам феминзмі және дәстүршілдік»

Жоба жетекшісі: Токтарбекова Л.Н., ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор (ORCID ID https://orcid.org/0000-0003-4063-8255, Author ID в Scopus 57195474504, Researcher ID Web of Science AAW-1510-2020, Researcher ID in Publons AAW-1510-2020).

Жоба орындаушылары:

Сейтахметова Наталья Львовна (ORCID ID https://orcid.org/0000-0001-6297-7317, Scopus Author ID: 57193220355)

Сатершинов Бахытжан Менлибекович (ORCID ID https://orcid.org/0000-0002-5094-9682, Scopus Author ID: 56705597100)

Жандосова Шолпан Мулькимановна (ORCID ID https://orcid.org/0000-0002-6151-3788, Scopus Author ID: 57190443733, Researcher ID Web of Science: AAM-8096-2020)

Бектенова Мадина Кенесарыевна (ORCID ID https://orcid.org/0000-0002-0697-9673, Scopus Author ID: 57193225386)

Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы (ORCID ID https://orcid.org/0000-0001-9146-1408, Scopus Author ID: 56705538000)

Алтайқызы Айкерім (ORCID ID https://orcid.org/0000-0002-9689-4592, Scopus Author ID: 57201430550)

Қасабекова Еңлік Құралғазықызы (Scopus Author ID: 58600644100)

 

Ғылыми зерттеудің өзектілігі: отандық гуманитарлық ғылымдарда ислами феминизмнің жан-жақты және жүйелі түрде зерттелмегендігімен байланысты. Ислам феминизмі ислам дәстүрінің феномені ретінде әртүрлі көзқарастар, аспектілер мен контексттерді: әлеуметтік-мәдени, саяси және діни тұрғыдан қарастыруды талап етеді.

Жобаның мақсаты – Исламдағы гендерлік теңдікті және оның әділетті Қазақстанның жаңғырту және трансформациялық процестеріндегі рөлін жүйелі зерттеу.

2023 жылдың міндеттері: исламдағы гендерлік теңдікті ерекшеліктері, өзгешелігі мен мағынасын анықтау арқылы тұжырымдамалау; ислам феминизмі феноменін ислам дәстүрінің гендерлік теңдігіндегі мәртебесін бағалау арқылы анықтау; ислам феминизмі мен гендерлік теңдік теориясы мәселелеріне қатысты ислам және еуропа ғалымдардың ғылыми зерттеулерін талдау, олардың екіұштылық сипатын ашу.

Ғылыми зерттеудің 2023 жылғы нәтижелері: исламдағы гендерлік теңдікті ерекшеліктері, өзгешелігі мен мағынасын анықтау арқылы тұжырымдамаланды; қазіргі қоғамның дамуы үшін гендерлік теңдіктің ерекшеліктері мен өзгешелігі айқындалды; ислам дәстүріндегі гендерлік теңдікке және ислам феминизміне жан-жақты талдау жасалды; қазақ дәстүріндегі ислам феминизмі феномені анықталды; ислам феминизмінің гуманитарлық дискурста ерекшеліктері анықталды; оның ислам дәстүрінің гендерлік теңдігіндегі мәртебесі бағаланды; исламдағы гендерлік теңдік пен әйел құқықтарының қағидалары талданды; ислам феминизмі ислам дәстүрінің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім, жұмыс, саясат және отбасылық қарым-қатынастардағы ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік мәселесіне қалай қарайтынын зерделенді; ислам дәстүрінің әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін қаншалықты қолдайтыны немесе шектейтіні талданды; ислам феминизмі мен гендерлік теңдік теориясы мәселелеріне қатысты ислам және еуропа ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне талдау жасалып, олардың екіұштылық сипаты ашылды; қазіргі қоғамның аса даулы мәселелері бірі - мешіт кеңістігіндегі әйелдердің рөлі мен орны зерттелді; реформистік ой мен ислам феминизмінің феминистік зерттеулерінің жаңа толқынының өкілдері Фатима Мернисси, Риффат Хассан, Айша Хидаятулла және т.б. зерттеушілердің еңбектері талдау жасалды. Олар хадистерге мұқият талдау жүргізді, нәтижесінде ислам қоғамдарындағы патриархалдық құрылым жалған хадистердің және әдетте сенімді деп саналатын, бірақ Құранға қайшы келетін мисогинистік хадистердің танымалдылығына байланысты орнағанын көрсете алды; гендерлік ислам философиясы саласындағы ғылыми-зерттеу ресурсының діни интерпретациясы жүзеге асырылды.

Орындаушылардың 2023 жылғы жарияланымдары:

1 Тоқтарбекова Л.Н., Сейтахметова Н.Л. Исламдағы гендерлік теңдік мәселесі // Глобальная наука и инновация 2023: Центральная Азия. Серия «Философские Науки». – 2023. – № 2(20). – С. 18-21.

2 Бектенова М.К., Токтарбекова Л.Н. Современная женщина в пространстве мечети: влияние исламского феминизма // Адам әлемi. – 2023. – №3 (97). – С. 163-173.

3 Алтайқызы А. «Халяль» и гендерное равенство: анализ влияния религиозных норм на социальные роли и стереотипы // ««Халал» феномені және зайырлы мемлекеттердегі экологиялық сананың қалыптасуы»: дөңгелек үстелдің материалдар жинағы. – Алматы: ИФПР КН МНВО РК, 2023. – Б. 12-17.

4 Toktarbekova L.N. Islamic Feminism in the Gender Discourse of Modernity // Қазақстандық диалектикалық логика мектебі: тарих және қазіргі заман: философия ғылымдарының докторы, профессор М. Сәбиттің 85 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2023. – Б. 528-533.

 

 

2024 жыл

Ғылыми-зерттеу жұмысының атау: «Исламдағы гендерлік теңдік: ислам феминзмі және дәстүршілдік»

Жоба жетекшісі: Токтарбекова Л.Н., ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD доктор (ORCID ID https://orcid.org/0000-0003-4063-8255,   Author ID в Scopus 57195474504, Researcher ID Web of Science AAW-1510-2020, Researcher ID in Publons AAW-1510-2020).

Жоба орындаушылары:

Сейтахметова Наталья Львовна (ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6297-7317, Scopus Author ID: 57193220355)

Сатершинов Бахытжан Менлибекович (ORCID: https://orcid.org/0000-0002-5094-9682, Scopus Author ID: 56705597100)

Жандосова Шолпан Мулькимановна (ORCID: https://orcid.org/0000-0002-6151-3788, Scopus Author ID: 57190443733, Researcher ID Web of Science: AAM-8096-2020)

Бектенова Мадина Кенесарыевна (ORCID ID https://orcid.org/0000-0002-0697-9673, Scopus Author ID: 57193225386)

Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы (ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9146-1408, Scopus Author ID: 56705538000)

Алтайқызы Айкерім (ORCID: https://orcid.org/0000-0002-9689-4592, Scopus Author ID: 57201430550)

Қасабекова Еңлік Құралғазықызы (Scopus Author ID: 58600644100)

Ғылыми зерттеудің өзектілігі: отандық гуманитарлық ғылымдарда ислами феминизмнің жан-жақты және жүйелі түрде зерттелмегендігімен байланысты. Ислам феминизмі ислам дәстүрінің феномені ретінде әртүрлі көзқарастар, аспектілер мен контексттерді: әлеуметтік-мәдени, саяси және діни тұрғыдан қарастыруды талап етеді.

Жобаның мақсаты – Исламдағы гендерлік теңдікті және оның әділетті Қазақстанның жаңғырту және трансформациялық процестеріндегі рөлін жүйелі зерттеу.

2024 жылдың міндеттері: Құран мәтіні мен ислам құқықтық доктринасы негізінде ислам дәстүрінің гендерлік теңдігіне талдау жүргізу; ислам мәдениетіндегі феминизм мен гендерлік теңдік құбылысын және оның қоғамдық сана формалары мен ислам бірегейлігіне әсерін айқындау; феминизм үлгілеріне салыстырмалы талдау жүргізу: ислам феминизмі, батыс еуропа феминизмі, кеңестік феминизм; олардың түбегейлі айырмашылықтары мен өзара әрекеттесу параллельдерін негіздеу; жоба аясында «дөңгелек үстел» ұйымдастыру; алаш қозғалысының идеологиялық негіздері, қазақ ағартушылығы мен Қазақ жәдидшілдігіндегі ислам феминизмі мен гендерлік теңдік дәстүрін дінтанулық білім беруге енгізу үшін қайта жаңғырту.

Ғылыми зерттеудің 2024 жылғы нәтижелері: Құран мәтіні мен ислам құқықтық доктринасы негізінде ислам дәстүрінің гендерлік теңдігі талданды; исламдағы гендердік теңдік, ислам феминизмі мәселесімен айналысатын танымал ислам зерттеушілерінің еңбектеріне шолу жүргізіліп, талдау жасалды; Құран мәтіні мен хадистерге талдау жүргізген мұсылман феминист ғалымдар Асма Барлас, Марго Бадран, Зиба Мир-Хоссейни және Амина Вадуд зерттеулеріне талдау жасау арқылы исламдағы феминизм құбылысы айқындалды; ислам феминизмінің дәстүрлі әлеуметтік нормалармен және институттармен өзара әрекеттесуі, сондай-ақ оның жекелеген елдердегі саяси және әлеуметтік-мәдени процестерге әсері анықталды; ислам мәдениетіндегі феминизм мен гендерлік теңдік құбылысы және оның қоғамдық сана мен ислам бірегейлігіне әсері айқындалды; ислам феминизмі мен гендерлік теңдік теориясы және оның қазіргі ислам бірегейлігімен байланысы зерделенді; ислам дәстүріндегі әйелдің орны және оның қазіргі әлеуметтік-саяси ортада бірегейленуінің ерекшеліктері мен қайшылықтары анықталды; ислам дәстүріндегі әйел бейнесін және оның қоғамдық өмірдегі, отбасылық және әлеуметтік мәселелердегі рөлін тарихи қайта құру жүзеге асырылды. Ежелгі діни дәстүрлердегі гендерлік теңдіктің кейбір тарихи параллельдері де зороастризм мен Иранның мәдени дәстүрлері мысалында ашылды; ислам феминизмі, батыс еуропа феминизмі, кеңестік феминизмге салыстырмалы талдау жасалып, оның түбегейлі айырмашылықтары мен өзара әрекеттесу параллельдері негізделді; феминизмнің әрбір моделінің, соның ішінде батыс еуропалық, кеңестік және исламдық феминизмнің қалыптасуы мен дамуына әсер еткен тарихи факторлар зерттелді; феминизмнің әрбір үлгісінің негізінде жатқан негізгі құндылықтар мен идеалдар талданды; гендерлік теңдікті қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени парадигмаларына енгізу қажеттілігі туралы ұстаным негізделді; Алаш қозғалысының идеологиялық негіздері, қазақ ағартушылығы мен Қазақ жәдидшілдігіндегі ислам феминизмі мен гендерлік теңдік дәстүрін дінтанулық білім беруге енгізу үшін қайта жаңғыртылды; Алаш қозғалысының идеологиялық негіздеріне, олардың қоғамдық қатынастарды қалыптастыруда гендерлік теңдік басты рөл атқаратын әлеуметтік бағдарламаларына тарихи талдау жасалды; алашордалықтардың құндылық ауқымында маңызды орын алатын ислам феминизмінің құндылықтары мен қағидаларына талдау жасалды; мұсылмандық некедегі әйелдің құқықтары мен міндеттерінің айырмашылығы анықталды; қазақ мәдениетіндегі әйелдің тарихи бейнесі ашылып, оның түркі және ислам этикалық құндылықтарымен байланысы дәлелденді; дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел мәртебесінің заманауи тенденциялары және олардың әйел тұлғасының қалыптасуына әсері талданды.

Орындаушылардың 2024 жылғы жарияланымдары:

1 Жандосова Ш.М., Тоқтарбекова Л.Н. Қазақстандағы ислам феминизмі қозғалысының ерекшеліктері: саясаттанулық талдау // Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы. - 2024. - No1 (87). - Б. 83–101. https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.08

2 Сатершинов Б.М., Тоқтарбекова Л.Н., Әбдіраманова Г.Т. Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесінің дәстүрлі және заманауи үрдістері // Адам әлемі. - 2024. - No3 (101) - Б. 184-193.

3 Алтайқызы А. «Авестадағы» әйел мәселесі // «Еуразия континенті халықтарының эволюциясы контекстіндегі зороастризмнің мәдени-тарихи мұрасы»: халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы. –Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 380-384 б.

4 Қасабекова Е. Иран Ислам Республикасындағы гендердің теңдік мәселесі // «Еуразия континенті халықтарының эволюциясы контекстіндегі зороастризмнің мәдени-тарихи мұрасы»: халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы. –Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 380-384 б.

5 Toktarbekova L.N. The position of the kazakh woman in the traditional kazakh society // Ғұмар Қараштың әділеттілік теориясы контекстіндегі философиялық және діни-саяси қызметінің әлеуметтік-мәдени негіздері. Республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 85-94 б.

6 Toktarbekova L.N. Kazak geleneğinde kadinin cinsiyet durumu (Gender status of women in Kazakh tradition) // International Congress on Tourism, Culture and Economy (ITEC’24) 8-10 May 2024/ Skopje, North Macedonia. – Р. 497-502.

7 Сатершинов Б.М. Қазақтың этномәдени дәстүріндегі әйел болмысы және ислам // Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 5-12 б.

8 Бектенова М.К. Қазіргі әлемдегі ислам феминизмі мәселесі // Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 39-47 б.

9 Бурибеков О. Қазақ қоғамындағы әйелдердің тарихи контекстегі рөлі // Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 70-75 б.

10 Шағырбай А.Д. Алаш қозғалысының идеологиялық негіздерінің кейбір қырлары // Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 22-27 б.

11 Жандосова Ш.М. Гендерное равенство в казахстане: достижения и вызовы в контексте исламского феминизма // Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 28-38 б.

12 Қасабекова Е. Қазақ халқының рухани әлеміндегі гендерлік теңдік мәселесі // Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 55-61 б.

13 Тоқтарбекова Л.Н., Сейтахметова Н.Л. Қазіргі қазақ қоғамындағы гендерлік мәселелер // Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 13-21 б.

14 Алтайқызы А. Исламдық некедегі әйелдің әлеуметтік және құқықтық орны// Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 48-54 б.

15 Қазақ дәстүріндегі және исламдағы гендерлік теңдік: республикалық дөңгелек үстел материалдар жинағы. – Алматы: ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2024. – 138 б.


← Назад к списку