Дәстүр мен жаңашылдықтың діни қырларын әлемдік және қазақстандық болмыс аясында қарастырған бұл ғылыми конференция «Қазақстандағы дәстүр мен жаңашылдықтың діни қырлары: өткені, бүгіні мен болашағы» атты ғылыми зерттеу жобасының ауқымында өткізіліп отыр. Оның материалдарының басым көпшілігі дәстүр мен жаңашылдықтың діни астарларын білуге, олардың ерекшеліктері мен салдарларын ескеруге деген танымдық мұқтаждықты өтейді. Жинақ гуманитарлық саладағы ғалымдар мен оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, студенттер мен жалпы осы тақырыпқа ықыласты оқырманға бағышталады.
*Республикалық ғылыми конференция және оның материалдарының жинағы No AP09252975 «Қазақстандағы дәстүр мен жаңашылдықтың діни қырлары: өткені, бүгіні мен болашағы» атты ғылыми зерттеу жобасының гранттық қаржыландыруымен өткізіліп шығарылды.
*Республиканская научная конференция проведена и ее сборник материалов выпущен на средства грантового финансирования научно-исследовательского проекта No AP09252975 «Религиозные аспекты традиций и инноваций в Казахстане: прошлое, настоящее и перспективы».
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
Редакция алқасы:
С.Т. Сейдуманов, ҚР ҰҒА академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор (жауапты редактор)
Б.М. Сатершинов, философия ғылымдарының докторы, профессор
Н.С. Қалдыбеков, исламтанушы, PhD докторант