Академик Қ. И. Сәтбаев феномені және Қазақстан ғылымы

04.04.2024

Академик Қ. И. Сәтбаев феномені және Қазақстан ғылымы

Академик Қ. И. Сәтбаев феномені және Қазақстан ғылымы

 

Алматы қаласында 2024 жылғы 3 сәуірде Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және Тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "Академик Қ.И. Сәтбаев феномені және ХХ ғасырдың Отандық ғылымы: пәнаралық зерттеулердің заманауи тәсілдері мен мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ғылыми форумды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Философия, саясаттану және дінтану институты бірлесіп ұйымдастырды.

Келісілген жоспарға сүйене отырып, конференцияның келесі бағыттары қабылданды:

- Қазіргі тарихтағы персоналистиканы зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері;

- Қ. И. Сәтбаев және ҚазКСР Ғылым Академиясын құру;

- Қ. И. Сәтбаевтың мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметі;

- Қ. И. Сәтбаевтың жеке феномені және оның гуманитарлық саладағы тарихи-мәдени шығармашылығы;

- Қ. И. Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның жұмысын аша отырып, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры З. Е. Кабульдинов ғылыми форумға қатысушыларды қарсы алып, әріптестеріне ғылым академиясының ұйымдастырушысы және Тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зерттеушілік талантының барлық қырларын ашуға және өз сөздерінде қазақ даласындағы ұлы тұлғаның жетістіктері туралы жаңа тарихи фактілер мен мәліметтерді көрсетуге тілек білдірді. Сондықтан Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның басты мақсаты, академик Қ. И. Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын ұйымдастыруға қосқан ғылыми-теориялық зор үлесін кешенді талдау, әділетті Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы контекстінде ғалымның жаңа тарихи және дүниетанымдық ұстанымдарынан оның шығармашылық мұрасын зерделеу болып табылады.

Конференция жұмысын жалғастыра отырып, екінші модератор - Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры С.Е. Нұрмұратов конференция жұмысы аясында Қ.И. Сәтбаевтың бірегей тұлғалық құбылысын және оның гуманитарлық саладағы тарихи-мәдени шығармашылығын толық зерделеуге қол жеткізу керектігін атап өтті. Оның пікірінше, конференцияға қатысушылардың міндеті Қ.И. Сәтбаевтың отандық ғылымның негізін қалаушы ретіндегі рөлін ұрпақтар алдында ашу және халықаралық контексте оның мұрасын бағалауда ғалымның ғылыми әдістерінің қазіргі заманғы маңыздылығының факторларын анықтауға тырысу болып табылады. Бұл үдерістің аса маңызды бөлігін Қ.И. Сәтбаевтың Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастыру үдерістеріне қосқан үлесін және қазақстандық ғылымның келешектегі үдемелі дамуын айқындай алады. Сонымен қатар, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының пәнаралық колаборациясы – академик Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми-теориялық болжауының креативті аспектілері егжей-тегжейлі ғылыми зерттеу үшін толық зерттелмеген тақырыптар болып қала беретінін атап өткен жөн. Өз сөзінде, С.Е. Нұрмұратов конференцияға қатысушылар алдында Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры С. Сейдумановтың құттықтау сөзін ортаға салды.

Бұдан әрі конференцияның пленарлық отырысы аясында басқа отандық және шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалды, олар өз әріптестерінің пікірімен бөлісе отырып, негізгі тезистерді қолдады және Қ. Сәтбаевтың жасампаз және гуманистік идеяларын белсенді түрде насихаттауға дайын екендіктерін білдірді. Олар негізінен қазақстандық ғылымның қазіргі деңгейін айқындап, Қазіргі Қазақстанның қарқынды дамуына жәрдемдесуді жалғастыруда.

Қаныш Имантайұлы 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық филиалының құрамында Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық филиалы Төралқасы төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Ғылым Академиясының төрағасы, президенті қызметтерін атқарды. 1952 жылы формальды себептер бойынша ол ҚазКСР Ғылым Академиясының президенті қызметінен алынып, КСРО Ғылым академиясының Орал филиалына ауыстырылды. Онда Сәтбаев үш жыл филиал төрағасы қызметін атқарды. 1955 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының президенті лауазымына қайта сайланып, өмірінің соңына дейін қызмет атқарды.

Академик Қ.И. Сәтбаев 646 ғылыми еңбектің авторы. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Кентау кендерінің геологиясын және Қазақстанның минералды ресурстарын зерттеуге арналған. Бірақ геологиядан басқа ол қазақтардың тарихы мен мәдени мұрасын зерттеуге құмар болды. Ш. Уәлиханов жазған "Едіге" мәтіні қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартылып, қазақ тілінің жаңа орфографиясы негізінде қайта дайындалды.

Қ.И. Сәтбаев 1924 жылы 1642 көлемді беттен тұратын "Қазақстан мектептеріне арналған Алгебра оқулығының ана тіліндегі" қолжазбасын аяқтады. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі болды, ол алғашқы студенттік жылдары басылымға дайындалды. Өкінішке орай, белгісіз себептермен бұл жұмыс жарияланбаған, тек қолжазба форматында сақталған. ҚазКСР мемлекеттік Республикалық мұрағатында оқулықтың авторына 1924 жылғы 19 маусымда Кирнаркомпрос академиялық орталығы берген анықтама сақталған. Онда: "қазақ тіліндегі Алгебра оқулығы мақұлданып, оны баспаханаға дереу тапсыру туралы қаулы қабылданды" делінген.

Жезқазған-Ұлытау өңірінің этнографиялық мұрасынан алынған артефактілерді зерделеп, Қ. И. Сәтбаев "Жезқазған ауданының көне ескерткіштері" атты еңбегін жазды. А.Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген "500 қазақ әндері мен күйлері" жинағына орыс тілінде түсініктемелермен 25 ән тапсырды.

 

ФСДИ Ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы