Журналистердің кәсіби мерекесі

28.06.2023

Журналистердің кәсіби мерекесі

Журналистердің кәсіби мерекесі

  

2023 жылғы 27 маусым сейсенбіде ҚР ҰҒА академигі, ФСДИ бас директоры С.Т. Сейдуманов бұқаралық ақпарат құралдарының жетекші өкілдерімен шығармашылық кездесуге қатысты. Бұл кездесуді журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ФСДИ ақпараттық-ұйымдастырушылық жұмыс Орталығы ұйымдастырды.

«Сіздерді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күнімен құттықтаймыз! Сіздер халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан әрдайым халыққа жеткізіп, еліміздің дамуы мен қанат жаюын, ғылым мен білімнің өркендеуін ұдайы назарға алып, қоғамда орын алған кейбір кемшіліктерді ашық жариялап, біздің Институтпен де ынтымақтаса жұмыс істеп келесіздер. Бұл күн - тек журналистердің ғана емес, сонымен бірге әрбір қазақстандық оқырманның, көрерменнің, тіпті ғалымдардың да мерекесі!», - деп атап өтті С.Т. Сейдуманов.

Ғалымдар мен журналистер арасында отандық медиа саланы дамыту мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара ынтымақтастық процестеріне баға берілді. Іс-шара қонақтарына марапаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмыс орталығы