Әділетті Қазақстан құрудағы діннің рөлі мен маңызы

18.09.2023

Әділетті Қазақстан құрудағы діннің рөлі мен маңызы

Әділетті Қазақстан құрудағы діннің рөлі мен маңызы

 

2023 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстан құрудағы діннің рөлі мен маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры Сейдуманов Серік Тұрарұлының кіріспе сөздерімен басталды.

Және бұл шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Стратегия әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің өкілдері қатысып, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды, тиісті органдарды біріктіре отырып, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алудың тиімді бағдарламаларын ұсынып және бүгінгі қоғамдағы діни ахуалды талқылады.

 

ФСДИ Дінтану орталығы

 

https://www.facebook.com/CenterForReligiousStudies/