Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыру: мүмкіндіктері мен келешегі

27.09.2023

Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыру:  мүмкіндіктері мен келешегі

Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыру:

мүмкіндіктері мен келешегі


2023 жылғы 27 қыркүйекте Философия, саясаттану және дінтану институтында "Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыру: мүмкіндіктері мен келешегі" тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференцияның отырысы өтті. Конференцияның модераторы философия ғылымдарының докторы, профессор, ФСДИ бас ғылыми қызметкері А. Сағиқызы болды.

Республикалық конференцияны ұйымдастырушылардың ойынша, ұлттық егемендік пен демократия құндылықтарын нығайту контекстінде қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғырту процестерін егжей-тегжейлі зерделеу, бостандық пен әділеттілік, бірлік пен келісім, ұлттың рухани денсаулығы императивтерін іске асыруды сараптамалық талдау қазақстандық ғылымның жаңа әлеуметтік-гуманитарлық дискурсына негізделген. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, ғалымдардың пікірінше, мемлекеттік сектордағы жобалық қызметті кәсіби сараптамалық сүйемелдеу шартымен табысқа жететіні сөзсіз. Қазақстанда әлеуметтік жаңғыруды зерделеумен айналысатын ғылыми қызметкерлердің ұсынымдары мен қорытындылары біздің елімізде мемлекеттік басқарудың дәстүрлі форматында жобалық тәсілдің үздік тәжірибелерімен және нәтижелілікпен алмасудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру және дамыту процестеріне ықпал ететін болады.

Конференция барысында мынандай баяндамалар мен жарыссөздер тыңдалды:

Нұрмұратов С.Е., ҚР ҒЖБМ ҒК Философия орталықтың директоры, философия ғылымдарының докторлары, профессор – Қоғамдағы әлеуметтік жаңғыру мен рухани дамудың өзара байланысы.

Сейтахметова Н. Л., ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор – Діни білім беруді жаңғырту мәселесі: трендтер мен перспективалар.

Сартаева Р.С.., ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, доцент – Әлеуметтік жаңғыру феномені: заманауи ерекшеліктері, типологиясы, қазақстандық нұсқасы.

Е. Е. Бурова, ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор - Жаңғырту міндеттері аясында қандай құндылықтарды өзектендіру маңызды?

Ешпанова Д.Д., ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, доцент – Жаңғырту шарттары: Қазақстандықтардың бейімделу ерекшеліктері.

Әбдірайымова Г.С., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор - Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті қоғамның қабылдауы: социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша.

Курганская В.Д., ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор,

Булуктаев Ю.О., ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ бас ғылыми қызметкері, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор - Қазіргі Қазақстанның саяси дамуының жаңғыруы.

А. Әміребаев, ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ Саяси зерттеулер орталығының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент – Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырудың өзекті мәселелері туралы.

В. Ю. Додонов, ҒЖБМ ҒК ФСДИ бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы – Қазақстанның экономикалық жаңғыру процестері контекстіндегі өнеркәсіптік өндіріс құрылымының серпіні.

Гусева Н. В., философия ғылымдарының докторы, профессор – Әлеуметтік трансформациядағы мәдениет пен өркениеттің параметрлері: институционалдық тәсілдердің мүмкіндіктері.

        Жаманбалаева Ш.Е., Бас директордың орынбасары, ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор – Қазақстандық жаңғырудағы бақыт мәселесі.

Гибридті онлайн және офлайн режимде ұйымдастырылған конференция барысында жетекші отандық ғалымдар мен сарапшылар талқылауға қазақстандық қоғамды инновациялық дамыту мен кешенді жаңғыртуға арналған еліміздің саяси басшылығының курсын іске асыру бойынша өз тезистері мен ұсынымдарын ұсынды. Іргелі ғылыми зерттеулерін ашық қоғамдық кеңістікке шығару қажеттілігін басшылыққа ала отырып, ғалымдар әлеуметтік мемлекеттік талдау мен теңгерімді басқарудың заманауи мамандандырылған инфрақұрылымын құру мақсатында сын-қатерлерге қарсы тұратын ұсыныстардың мазмұнды кешенін белгіледі.

Конференция қорытындысы бойынша ғалымдардың ғылыми баяндамаларын, тұжырымдары мен ұсынымдарын мемлекеттің рухани-адамгершілік, экономикалық, мәдени, саяси-басқарушылық, ғылыми-технологиялық саясатын жаңғырту процестерін генерациялау мақсатында сарапшыларды қызықтыратын жинаққа біріктіру туралы шешім қабылданды.

 

ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы