Отандық сарапшылардың бағалауы бойынша елдегі саяси трансформацияның жетістіктері

20.03.2024

Отандық сарапшылардың бағалауы бойынша  елдегі саяси трансформацияның жетістіктері

Отандық сарапшылардың бағалауы бойынша

елдегі саяси трансформацияның жетістіктері 

    

20-шы наурыз сәрсенбіде Алматыда Тұран университетінің ғимаратында Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығы ұйымдастырған "Қазақстандағы саяси трансформация: проблемалар, жетістіктер мен перспективалар" және Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануының бес жылдығына орай орайластырылған кезекті сараптамалық пікірталас отырысы өтті.
Сарапшылық талқылаудың ұйымдастырушылары мен қатысушылары, олардың арасында жетекші сарапшы-саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен экономистер, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері саяси және экономикалық қайта құру процесінің нәтижелілігіне қатысты өздерінің кәсіби бағаларын білдірді.
Ғылыми-сараптамалық кездесудің модераторы, Философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әмірбаев атап өткендей, өткен жылдардағы елдің саяси өміріндегі барлық түйінді сәттер елдің саяси жағдайына өзгерістер енгізген түйінді шешімдер мен бастамаларға негізделген. Ол шақырылған әріптестері мен қонақтарына осы мәселе бойынша кәсіби бағаларын айтуға мүмкіндік берді.
       Мәселен, саяси ғылымдар докторы, Қазақстанның саяси зерттеулер қауымдастығының президенті Әлияров Есенжол Қаниұлының пікірінше, жүйе супер президенттік биліктен біртіндеп бас тартуы үшін азаматтық институттар платформасы арқылы жаңа саяси көшбасшыларды тәрбиелеу процестерін белсенді түрде қалыптастыру қажет. Оның пікірінше, дәл осы ресурстар Қазақстанда Мемлекеттік басқарудың тиімді тәжірибесін дамыта алады.
Ал белгілі қазақстандық әлеуметтанушы, "Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" «Стратегия» қоғамдық қорының президенті Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызының пікірінше, Атырауда өткен Құрылтай әзірге халықтың үлкен және беделді өкілдігі ретінде жергілікті функционалдылықты көрсетуді жалғастыруда. Ол сондай-ақ қолданыстағы өзін-өзі басқару жүйесінің кейбір ерекшеліктерін және азаматтық қоғам өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасай алатын мемлекеттік қызметшілер корпусының кәсіби кадрлық қамтамасыз ету перспективаларын атап өтті.
Бұл тезистерді Алматы қаласындағы ҚСЗИ өкілдігінің басшысы Әсел Қожахметова Назарбетова қолдады, ол Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты Қазақстанның барлық өңірлеріне ықпалын кеңейту және азаматтардың электоралдық әл-ауқатының мониторингі бойынша жаңа зерттеу процестерін ұйымдастыру мақсатында өңірлік сарапшылар пулын қалыптастырғанын хабарлады.
     Талқылау барысында Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкерлері В.Ю. Додонов пен М. С. Шайкемелевтің ұсыныс пікірлері ортаға салынды.
Бұдан әрі талқылау шеңберінде сарапшылар жүргізілген саяси реформалар мен Қазақстан заңнамасындағы өзгерістерге өзекті талдау ұсынды. Бұл өзгерістердің елдің азаматтық қоғамының эволюциясындағы рөлі туралы тезистер егжей-тегжейлі талқыланды. Елдің халықаралық аренадағы ағымдағы жағдайының аспектілері және жетекші өңірлік көшбасшылармен стратегиялық әріптестік форматын сақтау перспективасы да сарапшылардың назарынан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар, ішкі инвестициялар есебінен мемлекеттік менеджменттің және ел экономикасының өсу нүктелерін теңгерімді басқарудың сапасын арттыру қажет, бұл тек мемлекеттік субсидиялар мен шетелдік активтердің болуын ғана емес, сонымен қатар отандық нарықтың барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің менталитетін сапалы өзгертуді талап етеді. Жекелеген әлеуметтанулық болжамдар мен ел халқының басшылық қызметіне деген сенім деңгейіне әсер ететін себептер айтылды.
Өткізілген пікірталас шеңберінде сарапшылардың назары саяси жүйе мен тұтастай қоғам дамуының әлеуетті бағыттарын талқылауға аударылды.
      ФСДИ Саяси зерттеулер орталығы