Қазақстандық ғалымдардың Венгриядан келген әріптестерімен кездесуі

22.09.2023



Қазақстандық ғалымдардың Венгриядан келген әріптестерімен кездесуі

   

2023 жылдың 20 қыркүйегінде ФСДИ Саяси зерттеулер орталығының сарапшыларының венгр ғалымдары Шандор Шеремет мырза және Шаболч Историк мырзамен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі елдің академиялық қауымдастықтары арасында Еуразия және Орталық Азиятану саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бұл екі елде өткізілетін конференциялар мен дөңгелек үстелдерге шақыруларға ғана емес, сонымен қатар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға және венгр және қазақстандық ғылыми басылымдардағы жарияланымдарға да қатысты сұрақтар көтерілді.

Шандор Шереметтің айтуынша, Венгрия Қазақстандағы саяси, әлеуметтік және экономикалық процестерді зерттеуге ерекше көңіл бөледі, сонымен қатар елімізбен экономикалық және сауда аясында ғана емес, сонымен қатар ғылыми-академиялық байланыстар шеңберінде өзара әрекеттестік орнатуға ұмтылады.

Саяси зерттеулер орталығының сарапшылары қонақтарды Орталықта жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы хабардар етті, сондай ақ ғылыми жобалардың негізгі тақырыптарына тоқталды. Екі елдің ғалымдары Қазақстан мен Венгрияның тарихы, саясаты, экономикасы туралы сұрақтар мен жауаптармен алмасты.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жалғастыру және одан әрі ынтымақтастық жоспарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

 

ФСДИ Саяси зерттеулер орталығы