2024 жылдың 21 мамыр күні Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының директоры Шағырбай Алмасбек және ғылыми қызметкері Мейманхожа Нұрмұхаммед, Анкара университеті «Илахият» факультетінің профессоры, ғалым Әли Рафет Өзкан мырзамен сұхбаттастық. Кездесу барысында доктор Әли Рафет Өзкан тарапынан Түркиядағы мемлекеттік құндылықтар мен халықтың дәстүрлі танымдарына қарама қайшы келетін қоғамдағы діни топтардың қызметтерінің аясындағы сыртқы факторлардың әсерімен, кеңестерімен жұмыс жасайтын діни ағымдардың іс-әрекеттерін зерттеу жолдары туралы сұхбат жүргізілді.
Дәстүрлі әлеуметтік зерттеулермен қатар, діни конверсиялық мазмұнды насихаттаушы топтардың іс-қимылдарына дінтанулық, гносеологиялық тұрғыдан зерделеу шаралары маңызды қадам болатыны туралы әңгіме-талқылаулар жүргізілді.
Сонымен қатар, «Илахият» факультетінің басшылығы тарапынан Тәуелсіз мемлекет достығы (ТМД) елдерден келген білім алушы жастарды қолдау шараларымен таныстырылды. Көрші Қырғыз мемлекетінің «Манас» университеті бакалавр сатысындағы оқу мобилділік бағдарламасымен келген білімгерлердің ұйымдастырған мәдени іс-шарасына қатысу сәті түсті. Мәдени кеште Қырғыз мемлекетінің жастары ұлттық киімдерін киіп, әнұрандарын орындап, дәстүрлі өнерлерін насихаттау шарасын өткізді. ТМД және басқада мемлекеттерден келген білім алушы жастарды дәстүрлі мәдениеттері мен құндылықтарын дәріптеуге қолдау көрсетіп отыратыны белгілі болды. Іс-сапар шеңберіндегі жоспарлы жұмыстар жалғасын табуда.
ФСДИ дінтану орталығы