Ұлт келбетін қалыптастыру маңызды мәселе

03.01.2024



Ұлт келбетін қалыптастыру маңызды мәселе

Қоңырбаева Күлсия Мағражқызы

ФСДИ Философия орталығының жетекші ғылыми қызметкері,

философия ғылымдарының кандидаты

Президент Қ.Қ. Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбаты жаңа сападағы ұлт қалыптастыру, қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту мәселесі мен ұлттық мүддені көздеген сындарлы саясат ұстанымын айқындайды. Бұл сұхбатта еліміздегі ескі жүйенің күйреуі және ұлттық саяси сана-сезімнің түбегейлі өзгеруі ерекше маңыздылығы атап өтіледі.

Президент халықтың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігінің күннен күнге артып отырғандығын, еліміздегі демократиялық жаңғыруларға жол ашылғаны жөніндегі бағамдары құптарлық. Ұлт сапасын арттыру әлеуметтік салададағы түйткілді болып отырған мәселелерді еңсерумен байланысты. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың  шалғайдағы ауылдарда «жайлы мектептер», ауруханалар салынып, медицина қызметкерлері мен мектеп, колледж және балабақша педагогтерінің жалақысын өсіруі оңды шешім болды. Еліміздің болашағы келешек ұрпақ қамын қамтамасыз етуді көздейтін Ұлттық қордан балаларға қаржы бөлу мәселесін реттейтін заңның қабылдануын халық қуана қарсы алды.

Сондай-ақ «Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу» салауатты өмір салтымызды ұлықтауда және Ұлы дала өркениетінің мұрагерлері саналатын халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда зор рөл атқарары сөзсіз.   

Әсіресе Президенттің жаһандану жағдайында ұлттық келбетімізді жетілдіруде бөгде мәдениеттерге көзсіз еліктеп, жалған патриотизм, даңғойлық пен дарақылықтың келешек ұрпақ дүниетанымына кері әсерін өз сұхбатында баса көрсетуі әрқашан қаперде ұстайтын ұстаным.

Жалпыұлттық құндылықтар: еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық, үнемшілдік қатарлы қасиеттер алға шыққан жағдайда ғана сапалы ұлт болып қалыптасарымыз сөзсіз.