ӨЗ ХАЛҚЫМЫЗ КӨБЕЙІП, САПАСЫ АРТА ТҮССЕ!

28.11.2023



ӨЗ ХАЛҚЫМЫЗ КӨБЕЙІП, САПАСЫ АРТА ТҮССЕ!

 

Саясат Бейісай,

Философия, саясаттану және дінтану

институтының бас сарапшысы

 

 

Кей ғалымдардың айтуынша, енді бір жарты ғасырдай уақыт өткен соң әлемде ұсақ мемлекеттер жойылып, тек ірі мемлекеттер қалады деп болжануда. Алпауыт мемлекет болудың бірінші белгісі - халық санының елу миллионнан кем болмауы, бұған қоса, ол елде экономикалық дербестік, шекараның беріктігі, халқында мықты рух пен сенімділік, жоғары отансүйгіштік болуы міндетті. Мұндай талаптар бекер емес. Өйткені халық саны жоғары мемлекетте өнідіріс те үлкен, әрі өздерін керек нәрсенмен толық қамтамасыз ете алатан мүмкіндік болады.

Сонымен Қазақстан халы 20 миллионнан енді асты. Демек, біздің мемлекет негізінен өз өнімдерін шикізат ретінде басқа елдерге сатуға мәжбүр. Себебі, тұтынушысы аз. Өз халқымыздың, яғни қазақтың саны елімізде 70 пайыздан асып кетті. Әйтседе мемлекеттік тіл мәселесіндегі түйткілдер көңіл көншітпейді. Бұл өткен отыз жылда жіберілген өрескел қателік. Орта Азияда Өзбекстан бұл мәселеде көшбастап тұр, 36 миллион халқы бар.

Соңғы жылдары қытайдан өзге африкалық, индиялық адамдар біздің елде көбейіп келеді. Олар жайлы да тыныш елге, байлығы мол, тіршілікке қолайлы мекенге қызығады әрине. Әрқайсысы өздерінше шүлдірлеп, бізге түсініксіз тілде шүйіркелесіп, не айтып жүргендері белгісіз. Осылай жалғаса берсе келімсектер күрт көбейіп, енді бір он-онбес жылда Қазақстанда тұратындар саны елу милиионнан асып кетуі де мүмкін. Солардың бәріне азық-түлік, басқа да қажетті бұйымдарды өндіру оңайға түспес. Қымбатшылық қыса береді.

Сонымен бізге ағылып келіп жатқан қара нәсілділер, тіпті діні, дәстүрі өзге түрлі халықтар легі толастар емес дедік. Болашақта сондайлармен санымыз арта ма? Келімсектер қай тілде сөйлейді? Мемлекеттік тілді менсіне ме? Жоқ әлде қазақ тіліне қажеттілкті күшейте алмағандықтан қазіргідей жаппай орыстілді меңгере ме? Міне, мәселе қайда жатыр. Біздегі осал заңның салдарынан мемлекеттік тілді меңгере қоюы екіталай. Бұл жақсы емес, әрине. Сондықтан, мемлекеттік тілді меңгеруге қатаң талап қойылмаса, тілімізден, ұлттық дәстүр-салтымыздан, бара-бара қазақтықтан айрылып қалуымыз мүмкін.

Жалпы, халық саны неғұрлым көп болса, солғұрлым ол елдің әлеуеті мықты болады. Бұл әу бастан түсінікті жәйт. Алайда кім екені түсініксіз, дәстүрі, тілі беймәлім адамдардың көбейіп кетуі де жақсы емес.

Мәліметтерге көз салсақ, жер бетінде 200-ден аса мемлекет бар екен, олар тіпті алты мың тілде сөйлейтін көрінеді, соның 300-дей тілі тұрақты, ал жартысы, яғни 150-сі ғана мемлекеттік тіл. Соңғы жүз жылда 250-дей тіл жойылып кетіпті. Солардың бәрі саны аз халықтың тілі.

Біздің халық дарынды, талантты, бәріне бейім. Тілді де, ғылымды да, техниканы да, спортты да тез игеріп, меңгеріп алады. Алайда өзгеге еліктейміз деп өз дәстүріміз, мәдениетіміз бен тіліміз қағажу қалып бара жатқан жоқ па? Осы біз өркениет дамыған сайын кері кетіп бара жатқан жоқпыз ба деп кейде қауіптенеміз.

Адамзат баласы құс сияқты аспанда ұшуды үйренді. Балық сияқты суда жүзуді де үйренді. Енді жердің бетінде адам сияқты өмір сүруді үйренуі қалды. Бернард Шоу осылай деген екен. Демек, Жаратқанның адамзат баласына бұйыртқан нығметтерінің бәрін дұрыс орындаса ғана, ілгері дамып, алға жылжуы мүмкін.