КІРІСТІҢ ЖАҢА КӨЗІ КЕРЕК

04.02.2025



КІРІСТІҢ ЖАҢА КӨЗІ КЕРЕК

Egemen Qazaqstan

2024 жылы республикалық бюджетті орындауда елеулі проблема туындағаны белгілі, сондықтан кеңейтілген отырыстың негізгі тақырыптарының бірі салық-бюджет саласы болды. Мемлекет басшысы Ұлттық қордың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін тағы да атап өтті. Сондай-ақ Үкімет қаражатты жаппай үнемдеуді және оның ең өзекті міндеттерін шешуге ғана жұмсауды қамтамасыз етуге тиіс екенін мәлімдеді.

Үкімет осы салада салық түсім­­де­рінің көлемі бойынша ең ірі – ҚҚС мөлшерлемесін арттыруды, сондай-ақ оны қамтуды үштен екі есеге арттыруды ұсынады, бұл ре­с­публикалық бюджеттің кіріс бөлігін едәуір ұлғай­туға мүм­­кіндік береді. Бұл өзге амал­дың жоқтығынан қа­был­­данып отырған шешім екенін тү­сінуі­міз керек. Салықты көтермей қа­зір­гі тығырықтан шыға алмаймыз. Са­лық түсiмдерiнiң көлемiн ұлғайт­­пай, Ұлттық қорға тәуелділік төмендемейді.

Сондай-ақ отырыста әрта­рап­­­тан­дырудағы жеткiлiк­сiз прог­ресс, шетелдiк инвес­тициялар ағы­ны­ның едәуiр қысқаруы, инфля­ция­ны тежеу және валюта тұрақ­тылығын қам­тамасыз ету жөнiн­дегi мiн­дет­тердiң күрделiлiгi атап көрсетiлдi. Мемлекет бас­шысы стагнацияның басталу ық­­ти­мал­дылығы және оны болдырмау күрделі шешімдерді қажет ете­тіндігі туралы да ашық айтты. Ел үшін тиімді шарттарда ұзарту, бюджетаралық қатынастарды же­тіл­діру, бар­лық деңгейдегі бюджет арасында мемлекеттік қара­жат­ты ұтымды бөлу, экономиканы одан әрі әртараптандыру (туризм, халықаралық авиация хабы және жалпы көлік пен логис­тиканы дамыту), мұнай өнді­руді ұлғайту, оның ішінде тақтатас мұнайы кен орын­дарын игеру мүмкіндігі жан-жақ­ты зерделенді.

Қазір халық­тың 20%-ға жуығы түрлі жәр­демақы алады. Мем­лекет басшысы көмек ана­ғұр­лым атау­лы және шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуге тиіс деді. Еліміз бюджеттің әлеу­меттік бағ­дар­ланған моделін ұс­та­нады, онда шығыстардың басым бөлігі жәрдемақы, денсау­лық сақтау мен білім беруге жұм­­салады. Алайда бюджет тап­­шы­лығы мен мемлекеттік қарыз­дың өсуі кезін­де мұндай тәсіл қиын­дық­­қа ұшы­райды. Егер жүйені өзгерт­пе­сек, ол 5-10 жылдан кейін күр­делі қар­жы дағдарысына ұшы­ратуы әбден мүмкін.

Үкі­меттің кеңейтілген оты­ры­сы­ның басты қорытын­дысы – шамадан тыс оптимистік бол­жамдардан бас тарту және экономиканы неғұрлым праг­ма­тикалық бас­қа­ру­ға көшу. Бізге күрделі сырт­қы конъюнк­ту­раға бейімделуге, бюджет шы­ғын­дарын қыс­қар­ту­ға және кірістің жаңа көздерін іздеуге тура келеді. Бәрі­­міздің құлағымызға жаға­тын әдемі баяндаулардың күні өтті деп есептейміз. Эконо­ми­каға қыра­ғылық керек.

 

Вячеслав ДОДОНОВ,

 

Фото: wfin.kz

 

https://egemen.kz/article/381094-kiristinh-dganha-kozi-kerek