ЕСКІ ЖЫЛҒА ЕСЕП, ЖАҢА ЖЫЛҒА БАҒДАР

04.01.2024



ЕСКІ ЖЫЛҒА ЕСЕП, ЖАҢА ЖЫЛҒА БАҒДАР

 

А. Алтайқызы,

ФСДИ жетекші ғылыми қызметкер

 

Бүгін «Егемен Қазақстан» баспасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының сұхбаты жарық көрді. Мақалада мемлекет басшысы қоғамдық дискурста талқыланып жүрген өзекті сұрақтардың бірқатарына жауап берді.

Біріншіден, Қ.К. Тоқаев жаңа жылда күтілетін міндеттерге тоқталды. Жаңа экономикалық үлгінің негізгі басымдықтары аталды, оның ішінде жалпы ішкі өнімді екі есеге арттыру стратегиялық мақсат ретінде жүзеге асатындығын айтты. Екіншіден, ұлт мүддесі, қоғамдық құндылықтар жүйесі, сыртқы саясат аясындағы маңызды іс шаралар сияқты маңызды идеологиялық бағыттарға баға берілді. Үшіншіден, халықты толғандыратын ең күрделі мәселе – қасіретті қаңтар оқиғасына кеңінен тоқталып, әр сауалға жеке жеке жауап берілді. Президенттің пайымдауынша, қаңтар оқиғасының негізгі себебі: елде жасалып жатқан өзгерістер мен реформларға кейбір ықпалды адамдарға ұнамады. «Олар бұл өзгерісті елімізде әбден тамыр жайған жүйеге және билік құрылымындағы өздерінің «ерекше мәртебесіне» төнген қатер деп қабылдады. Мұндай адамдар елдегі өзгеріске астыртын, кейде тіпті ашық қарсылық білдіре бастады. Ақыр соңында реформаның бетін қайтарып, өздеріне ыңғайлы бұрынғы қалыпқа оралу үшін бәрін тас-талқан етуге шешім қабылдады». Яғни елдегі соңғы трансформацияларға деген белгілі топ өкілдерінің көңіл толмаушылығы қаңтардағы бейбіт шерулердің қанды қырғынға ұласуына себепші болды. Алайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы болған оқиғаны төңкеріс деп бағалауға болмайтындығын айтады. Сондықтан, азаматтар өз пікірлерін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес ашық айта алады. Мәселен, жақында петиция­ларды тапсыру және қарау тәртібін реттейтін заң қабылданғаны белгілі. Бұл – да бір бейбіт, әрі демократиялық құралдардың бірі.

Бұдан бөлек, Президент «екі билік, орталығы, саяси тұтқындар тақырыбы, 2026 жылы сайлауға қайта түсу/түспеу мәселесі, борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнама, әлеуметтік-экономи­калық дамуға қатысты стратегиялық бағыттар, отын-энергетика кешені мен коммуналдық шаруа­шылықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, АЭС салу-салмау мәселесі» сияқты бағытарға арнайы түсініктеме берген.

Тағы да бір назар аударатын жағдай – президент сыртқы саясаттағы бағдарлар мен орталықтарды атап көрсетті. «Орталық Азия – геосаяси ахуалға қатысты өз пайымы бар әрі қарқынды дамып жатқан аймақ» деп бағалайды, ал С+ үлгісіндегі ықпалдастық­тың өзектілігі артып келеді. Тоқаев, әсіресе, Қытаймен ынтымақтастық, сауда қарым қатынасы және де транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойынша пікірін білдірді.

Соңғы уақытта Қазақстан қоғамын әйелдер мен балаларға жасал­ған зорлық-зомбылық мәселесі толғандырып отырғаны белгілі. Бұл мәселеге де президент көңіл бөлді, әйелдер мен балаларға жасал­ған зорлық-зомбылыққа қатыс­ты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болады деп қорытындылады. Сондай ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес­тің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасы әзірленуде.

Қорытынды бөлімінде, президент жаңа жыл – өткен жылды бағалап, келешекке жоспар құру үшін маңызды дейді. Алайда, тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы төл мерекеміз – Әз Наурызға ерекше назар аудару керектігін айтады.