Елдегі қордалы мәселелердің оң шешімі

04.01.2024



Елдегі қордалы мәселелердің оң шешімі

 

Қасабекова Е.Қ.

ФСДИ дінтану орталығының аға ғылыми қызметкері

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында халықтың көкейіндегі бірқатар сұрақтарға жауап берді. Біріншіден, Қазақстан Республикасының жаңа ұстанған бағыты Әділетті Қазақстан орнату мен естуші мемлекет екенін баса айта отырып, кез келген ҚР азаматы заң шеңберінде өз дауысына ие екенін, кез келген уақытта өз шындығын заңды түрде мемлекетке жеткізе алатын мүмкіндіктері бар деді. Екіншіден, елдегі кез келген қылмыскердің шеніне, отбасылық жағдайына, экономикалық-әлеуметтік статусына қарамай заң алдында бірдей жауапты екенін анық айтты. Үшінші маңызды сұрақ «Қаңтар» көтерілісіне қатысты арандастыруға бағытталған әрбір қылмыс өз деңгейінде жазалатынын, сондай-ақ, аңдамай от басқан кейбір көтерілісшілерге президент тарапынан амнистия жарияланғанын да жеткізді. Жалпы сұқбат барысында соңғы жылдардағы елдегі оң өзгерістердің халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғаны және мемлекеттің басты бағдары – халықтың жағдайын көтеру экономикалық тұрақтылықты орнату екені де айтылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы жалпы ішкі және сыртқы саясатта ұлтаралық татулық пен толеранттылықтың сақтала отырып, еңбек ету қажеттігін баса айтты. Мысалы көпшіліктің көкейіндегі Қытаймен қарым-қатынастың экономикалық бағытта дұрыс өрбуі қажет, себебі ҚХР Қазақстан үшін экономикалық жанданудағы басты стратегиялық серіктес екенін, екіжақты визасыз режимнің екі тарапқа да берері мол екенін, сауда-экономикалық байланысты нығайтудың алғы шарттары деді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың президенттігінің алғашқы жылдары банк жүйесіндегі аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын көтеру барысында мемлекет тарапынан берілген бір реттік 300000 теңгеге дейінгі несиені өтеу ақциясы қарапайым халыққа кәдімгідей көмек болды. Жалпы алғанда, ел президентінің ел басқарудағы ұстанған қағидаты дипломатияның бірден бір озық үлгісі екенін айта кетуіміз қажет. Сондай-ақ, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді сақтау, рухани байлықты арттыру, адамгершілік принциптерін бағалау секілді ұлттық кодымызды да естен шығармай, Жаңа Қазақстанға жету жолында ұштастыру қажеттігін де бағдарлайды.

Сонымен қатар, 18 жасқа толмаған әрбір қазақстандықтың шотына осы жылдан бастап ұлттық қордан түсетін пайда мөлшерінің бір бөлігі түсіп тұрады деген ақпарат өз күшіне заңды түрде енбекші. Мұндай игі шаралар елдегі қордалы мәселелердің біразының түйінін шешуге бағытталған арнайы іс-әрекеттер, жүйелі, кешенді басқаруды қажет етеді. Басшыны қолдау, өз тарапымыздан қолпаштау азаматтық борышымыз. Еліміздің өркендегені, біздің де жетістігіміз екенің сөзсіз. Ел бірлігі мен татулығын сақтай отырып, жаңа белестерді бағындыра беріңіз демекпіз.