ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаев: «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек»

03.01.2024



ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаев: «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек»

Г.И. Нүсіпова

Философия, саясаттану және дінтану институтының

жетекші ғылыми қызметкері, PhD

2024 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған кең және мазмұнды сұхбатында ішкі және сыртқы саясат, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, атом электр станцияларының құрылысы және басқа да өзекті тақырыптар мен  маңызды мәселелер айтылды.

Ішкі саясатқа қатысты демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға үлкен мән берілетінін, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауды дамытуға деген басымдықтар туралы айтылды.

Сыртқы саясатта біз аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін басқа елдермен диалог пен ынтымақтастықты қолдайтынымызды және Қазақстан көрші елдермен, яғни Ресей, Қытай және аймақтағы басқа елдермен қарым-қатынасын нығайта беретінін, сондай-ақ Қазақстанның Батыспен ынтымақтастықты дамытуға күш салатынын атап өтті.

Әлеуметтік-экономикалық дамуда инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары, сондай-ақ инновациялық жобалар жүзеге асырылады. Оның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру екені айтылды.

2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар ел үшін күрделі сынақ болды. Бұл жолда тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талдау жасалып, қажетті шаралар қабылданды. Бұл тұрғыда тергеудің объективті және әділ өтетінін атап өтті. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты заңдарды күшейту, құрбандарға қолдау көрсету жүйелерін жақсарту және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу, құрбандардың құқықтарын қорғау үшін ағартушылық науқандар өткізу бойынша жұмыс жасалатынын атап көрсетті.

АЭС құрылысы жоғары қауіпсіздік және экологиялық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйымдармен және сарапшылармен белсенді әрекет жасалынады.

Басқа да өзекті тақырыптарға келсек, климаттың өзгеруі, қоғамды цифрландыру және инновациялық технологияларды дамыту мәселелеріне назар аударылатынын, болашақта туындауы мүмкін деген қиындықтарға дайындалу маңызды екенін айтып өтті.

Президенттің бұл сұхбаты Қазақстандағы саяси, экономикалық және әлеуметтік саланың негізгі қырларына терең шолу жасайды, сондай-ақ түсінік береді. Дегенмен, елімізде бұл сұхбат әртүрлі реакция туғызды, кейбір сарапшылар Президенттің жауаптарын жоғары бағаласа, басқалары көптеген маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап берілмеді деп есептейді.