Ауыл әкімдерін сайлау барынша ашық өтуі тиіс

06.11.2023



Ауыл әкімдерін сайлау барынша ашық өтуі тиіс

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту жолындағы заңды қадам болды. Мұндай пікірді Ұлттық ғылым академиясының академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Зарема Шаукенова білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауыл әкімдерін тікелей сайлау Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту жолындағы заңды қадам болды. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс көздерін бюджеттің IV деңгейіне ұлғайту үшін Ұлттық экономика министрлігі салықтар мен төлемдердің қосымша 4 түрін берді - бұл бірыңғай жер салығы, учаскелерді жалға алу, пайдалану немесе сату үшін төлем. Осылайша, ауыл әкімдері жергілікті бюджетті бөлудің жекелеген мәселелері бойынша басқарушылық қана емес, қаржылық дербестікке ие болды. Бұл әкімдердің ауылдағы сумен жабдықтау, жолдарды күтіп ұстау, абаттандыру сияқты бірқатар өмірлік маңызды мәселе бойынша шешімдер қабылдаудағы қызметінің тиімділігін арттыру үшін жасалды. Бұл ретте сайланған әкімдердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі жеке уәждеменің басты факторына және олардың қызметінің тиімділігін арттырудың үлкен үмітіне айналады», - деді Зарема Шәукенова агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, ең бастысы, сайлау барынша ашық өтуі тиіс. Өйткені, бүгінде халық сайлайтын әкімдер уәделерін орындау үшін тікелей сайлаушыларға жауап береді және есеп береді. Әкімдер сайлауын өткізу - бұл қоғамның азаматтың сайлау және сайлану құқығы сияқты негізгі факторға сенімін арттыру жолындағы ең маңызды қадам. Өйткені, сайлау қоғамды қазіргі заманғы демократияландырудың маңызды институты саналады.

«Жалпы, сенім қоғамдағы негізгі ұстанымдар бойынша нормативтік келісім немесе ымыра дегенді білдіреді. Қоғамдағы сенімнің таралу саласы тұрақтылық, ынтымақтастық, қоғамдық істерге арасу және қатысу дәрежесін көрсетеді», - деді ғалым.

 

Автор

Марлан Жиембай

https://kaz.inform.kz/news/auil-akmdern-saylau-barinsha-ashik-otu-tis-zarema-shaukenova-d1466e/