АДАМЗАТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

17.08.2023



АДАМЗАТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

 

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл

Халықтың жадында мәңгі сақталады Әр халықтың ұлы ақын-жазушылары жетерлік. Мәселен, немісте Гете, орыс хал­ қында Александар Пушкин, ал қазақта хакім Абай бар. Бұлардың баршасы халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, қоғамдағы ащы шындықты өлеңмен суреттеді. Білім­ сіздік пен надандықты сынады. Соның нәтижесінде халықтың жадында мәңгі сақталды. Бүгінде біз қазақтың бас ақынын қаншалықты тани алдық?! Әр дәуірде өзінің айрықша туған ұлдары болады. Бірі батыр болып елді жаудан қорғайды. Ендігісі шешен болып, даудамайды әділ-төрелігі арқылы шешеді. Келесісі ел қамын жеген ақынға айналады. Осылай тізімді ұзарта беруге болады. Деген­ мен, бұл өмірде әрбіріміздің өз миссиямыз бар. Ал дүниеге өзінің кемеңгерлігі, ақылпарасаты, ойшылдығымен танылған хакім Абайдың жөні бөлек. Ұлы ақынның мұраларында сан-сауалдарға жауаптар табылады. Сонау ХІХ ғасырда айтып кеткен философиялық ойлары әлі күнге дейін шамшырақ болып келеді. Шығыс пен Батыс идеологиясын қатар пайымдаған алып тұлғаның ой-өрісіне әлі жете қоймадық десек, артық емес.

Серік НҰРМҰРАТОВ, философ-ғалым.

Газета «Almaty-Akshamy» №95 (6388) 10 тамыз, 2023 жыл

Сілтеме бойынша мақаланың мәтіні: https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/20

23/08/n95.pdf