Гонконгтың Armitage компаниясы басшылығымен кездесу

20.12.2023

Гонконгтың Armitage компаниясы басшылығымен кездесу

Гонконгтың Armitage компаниясы басшылығымен кездесу

 

 

2023 жылғы 20 желтоқсан сәрсенбіде Бас директор С.Т. Сейдуманов бастаған Философия, саясаттану және дінтану институты ғалымдарының шетелдік іссапарының бай жұмыс кестесі маңызды оқиғаға - Гонконгтың Armitage компаниясының басшылығымен кездесуге толы болды.

Қазақстандық ғалымдардың дамыған цифрлық ақпараттық индустрияның әлемдік көшбасшыларымен жан-жақты әңгімелесуі Гонконг компаниясының қызметімен егжей-тегжейлі танысуға және Қазақстандағы перспективалы инвестициялық МЕГА-жобаларды ауқымды іске асыру үшін екіжақты ғылыми-сараптамалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін талқылауға мүмкіндік берді.

Armitage компаниясының басшылары Элвин Ли мырза мен Рики Чанның айтуынша, бастапқы ұсыныс ретінде цифрлық қаржылық менеджмент пен заманауи технологиялық сүйемелдеу мүмкіндіктерінің кең арсеналын таңдауға болады, олар процестерді оңтайландыру, коммерциялық корпорацияларға, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына және білім беру мекемелеріне үздіксіз басқару және дамыту бойынша ең озық кешенді шешімдерді ұсынады. Екіжақты іскерлік кездесу аясында қазақстандық қонақтар үшін Гонконгтың цифрлық даму моделінің әсерлі тұсаукесері ұйымдастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Armitage компаниясының өкілдері өнеркәсіп, энергетика және инфрақұрылымдық даму секторларында цифрландыру жөніндегі гонконгтық инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін Қазақстанның Ғылыми-академиялық қоғамдастығының салалық ресурстарын әріптестік негізде тартуға қызығушылық танытты. Олардың растауы бойынша, бүкіл әлем бойынша коммерциялық серіктестердің кең желісі бар гонконгтық Armitage компаниясы Қазақстанмен көршілес мемлекеттердің басқа нарықтары үшін цифрландыру бойынша перспективалы жобаларды іздеуді ұсына алады.

Кездесу соңында Рики Чан Гонконг компаниялары өкілдерінің елдегі инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін тереңірек пысықтау үшін Қазақстанға ресми сапармен келуге дайын екендігін білдірді.

 

 

ФСДИ Ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы