ӨЗГЕРІСТЕР ОРНАУДА

22.11.2022



ӨЗГЕРІСТЕР ОРНАУДА

Серік СЕЙДУМАНОВ, Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры:

Қазақстанда жаңа саяси кезеңдер орнауда. Көптеген өзгерістер орын алуда. Дәлірек айтқанда , Мемлекет басшысын таңдадық. Мұнда жалпы халық өз позициясын білдірді. Қоғам болғаннан кейін біршама пікірлер болады. Көпшілігі қолдаса, кейбірі басқаша ойлауы мүмкін. Дегенмен, халықтың әлеуметтік, саяси белсенділігі артып келеді. Оны осындай ұйымдастырылған ірі саяси шақтардан байқап, бағамдап отырамыз.

Бізде жаңару мен жүйенің ауысуын күтіп жүргендер көп. Сонымен қоса, тағы бір маңызды дүниеге айрықша тоқталуды жөн санаймын. Нақтырақ айтқанда, әлеуметтің әлеуетін көтеру қажет. Саяси науқанда ол кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ол жағынан көңіл қуанады. Десе де, экономикалық секторға назар аударайық. Халықтың тұрмыс сапасын жақсартайық. Сонда ғана алға қойған нақты мақсаттарға қол жетеді.

Газета «Almaty AKSHAMY» №138 (6273) 22 қараша, 2022 жыл

https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2022/11/n138.pdf