«Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен идеалдары» бағыты бойынша 2014 жылы ұсынылып отырған 11 тақырыптық зерттеулер нәтижелерінің талдауы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерлің орындалғанын көрсетеді.
2014 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша бірінші жартыжылдыққа сараптамалық материалдар мен барлық 11 зерттеу тақырыптарының қорытындылары мен ұсыныстарынан тұратын ғылыми-зерттеу жұмыс туралы жылдық есептер даярланған.
Зерттеулердің дағдарыс жағдайында идеологияларды құру бойынша конструктивті ұсыныстардан тұратынын атап өту керек. Елбасының «Нұрлы жол» атты ортақ платформасы негізінде ұжымдасу, әлеуметтік оптизм тетіктерінің қосылуы және азық-түлік, киім-кешек, автотұрақтарды қоса есептегенде отандық өндірісті қолдау бойынша кері әсері жоқ ұлттық-патриоттық үндеулерді қолдану және әлеуметтік оптимизмнің тетіктерін іске қосу.
Сонымен қатар отандық мәдениеттің, оның ішінде тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын, этносаралық және конфессияраалық келісімді нығайтуға бағдарланған әдебиеттің, қазақстандық жазушылардың практикалық үлесін күшейту керек. Діни салада либералды құқықтары мен еркіндіктерді кеңейту қажет, ол өз кезегінде мемлекеттің инвестициялық имиджін нығайтуға септігін тигізеді.
Зерттеудің тікелей нәтижелері:
• Әлеуметтанулық өрістік, оның ішінде 2014 жылдың 3-4 тоқсандары 10 тақырып бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді;
• «Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастырудың негізгі факторлары, Қазақстан Республикасындағы тілдердің үштұғырлығы идеологиясын есепке ала отырып, оның коммуникативті және бірлестірушілік қасиеттерін күшейту» тақырыбы бойынша лингвистикалық-мәдени сөздіктің 1 жобасы дайындалды;
• Қорытынды бөлімде «Қазақстан-2050» стратегиясында қойылған негізгі міндеттер мен еліміздің түрлі салаларындағы жағдайларды жақсарту үшін жүргізілген зерттеулердің негізінде еліміздің мемлекеттік органдар мен жалпы ғылыми қауымдастыққа ұсыныстар жасалынды;
• Отандық және шетелдік басылымдарда, Қазақстан мен шетелдегі конференциялардың, ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер мен пікірталас алаңдардың материалдарында 136 мақала жарық көрген;
• Жобалардың материалдары мен нәтижелері келесі іс-шараларда қолданылды: «Қазақстан-2050» стратегиясы: қоғамның әлеуметтік дамуы атты Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі (25-26 сәуір 2014 ж.), «Қазақстандағы болмашы қылмыстарға «мүлдем төзбеушілік»: мәселелері мен басымдықтары» (19 мамыр 2014 ж.), Тұңғыш Президентітң күніне арналған Астаналық әлеуметтанулық форум (28 қараша 2014 ж.).
Жалпы, жүргізілген зерттеулер жеке әлеуметтік бағыттарды қолайландыру, сонымен қатар ішкісаяси әзірлемелерді терең қолдаудың жаңа қорларын анықтады.
Зерттеу нәтижелері концептуалды-әдіснамалық қамтамасыз ету ретінде қолданылуы мүмкін: а) қазақстандық қоғамның жаңа құндылықтары мен идеалдарын қалыптастыру бойынша үрдістерді қолайландыру концепциялары, бағдарламалары мен үлгілерін әзірлеу; б) қазіргі Қазақстанда белгілі бір көңіл-күйлерді еңсеруге бағытталған шаралардың кешенін әзірлеп шығару.
1. «Өркениет құндылықтары дағдарысының іргелі себептері мен көрініс табуы: тәуекелдері, Қазақстанға ықпалы, еңсерудің мүмкіндіктері»;
2. «Жаңа қазақстандық патриотизм: мәні мен жаңалығы, қалыптастырудың жаңа әдістері мен басымдықтары, кедергілер, практикалық ұсыныстар»;
3. «Діни сананы бағалау: негізгі мәселелер мен діни саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар»;
4. «Қазақстан үшін дәстүрлі дін: ханафит мазхабындағы суннизмнің мәні мен ерекшелігі»;
5. «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси стратификациясының талдауы (әлеуметтік патернализм мен масылдық көңіл-күйлер)»;
6. «Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік шиеленіс пен наразылықтың негізгі факторлары (аймақтардағы наразылық белсенділік пен әлеуметтік шиеленістің мониторингісі)».