Наименование книги:
МОНОГРАФИЯ Мукановой (2035.6 kB)
Муканова О.Ж. Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының әлеуметтік және саяси аспектілері (әлеуметтанулық талдау). Монография / З.К. Шаукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2013. – 107 б.
Краткая характеристика книги:
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауы қоғамдық санада идеялық-құндылықтық негіздерді қалыптастыруға бағытталған тарихи құжат. Осыған орай халықтың көзқарасын ғылыми бағамдаудан өткізу маңызды болып табылады. Президенттің халыққа Жолдауын халықтың қалай қабылдағаны анықталды және оның әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы берілді. Құжатты бұқараға түсіндіру бағытында қоғамдағы ақпараттық-насихаттау жұмыстарының жүргізілуі сарапталып, оның тиімді жолдары көрсетілді. Жұмыста «Идеялық құндылықтар және Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының саяси аспектілері» атты әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы берілді.
Мемлекеттік ұйымдар мен қоғамтанушы ғалымдар Жолдаудың құндылықтықидеологиялық қырларын БАҚ арқылы ақпараттандыруға белсенді үлес қосуда екені көрсетілді. Кітапта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауларына қатысты әртүрлі санаттағы мақалалар, пікірлер, сұхбаттар тұтастанған мәтін ретінде берілген.
Область применения:
Кітап саясаттанушыларға, әлеуметтанушыларға, мемлекет қызметкерлеріне және жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ мемлекеттің идеологиялық тұрғыдағы дамуына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.