Германия Федеративтік Республикасы, Берлин қаласына ғылыми іс-сапар

23.12.2023

Германия Федеративтік Республикасы,  Берлин қаласына ғылыми іс-сапар

Германия Федеративтік Республикасы,

Берлин қаласына ғылыми іс-сапар

   

2023 жылдың 7 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері Г.И. Нүсіпова, Д.М. Жаңабаева «Қоғамның тұтастанған қайта пішімделуі жағдайындағы тұлғаның рухани қалыптасуы мәселелері» атты гранттық қаржыландыру жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Германия Федеративтік Республикасы, Гумбольдт атындағы Берлин универсиеттінде ғылыми іс-сапарда болды.

Іс-сапар барысында Берлин қаласында профессор Беате Эшментпен кездесіп, жүргізіліп жатқан ғылыми жобалар жайында пікір алмасып, оқу үрдісі, ғылыми іс-шаралар жөнінде тың ақпараттармен танысты.

Іс-сапардың мақсаты, қоғамды біртұтас реформалау жағдайында тұлғаның рухани қалыптасуы мәселесіне заманауи көзқарастарды зерттеу болғандықтан Германиядағы тұлғаның рухани қалыптасуы мәселесіне қатысты философиялық зерттеулердің заманауи тенденцияларымен танысты.

Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері өз тарапынан институттың тарихы, құрылымы, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жобалардың сипаты жөнінде баяндап, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және гранттық жоба бойынша жарыққа шыққан еңбектермен таныстырды.

 

 

ФСДИ Философия орталығы