ФСДИ Жас ғалымдар кеңесінің отырысы

26.02.2025

ФСДИ Жас ғалымдар кеңесінің отырысы

ФСДИ Жас ғалымдар кеңесінің отырысы

2025 жылғы 25 ақпанда сейсенбіде Философия, саясаттану және дінтану институтында институттың Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) отырысы өтті.

Кандидаттарды ұсыну және осы лауазымға дауыс беру қорытындысы бойынша ФСДИ Жас ғалымдар кеңесінің жаңа Төрағасы - Қуаныш Сайлау, цифрлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар орталығының ғылыми қызметкері сайланды.

ФСДИ Жас ғалымдар кеңесі-бұл жастардың ғылыми белсенділігін дамытуға, конференциялар, семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби өсуіне ықпал ететін жас зерттеушілер мен қызметкерлердің бірлестігі. Кеңес білім алмасу, ғылыми байланыстар құру және перспективалық зерттеулерді ілгерілету үшін маңызды алаң болып табылады.

Әріптесіміз Қуаныш Сапиоллаұлына жаңа идеялар мен жобаларды іске асыруда табыс тілейміз!

ФСДИ Жас ғалымдар кеңесінің қызметі Институт әкімшілігінің ұзақ мерзімді жоспарларын іске асыру процестеріне, отандық ғылымды дамытуға және жас зерттеушілердің зияткерлік әлеуетін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдіреміз.

 

 

ФСДИ Жас ғалымдар кеңесі