Барлыбаева Гаухар Гинаядовна
Жеке мәліметтер:
4 желтоқсан 1960 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Жоғарғы. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Философия-экономика факультеті, «Философия» мамандығы (1983), Қазақ КСР Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспирантурасын (1987-1990), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының докторантурасын (1997-2000) бітірген.
Ғылыми дәрежесі:
философия ғылымдарының докторы.
Лауазымы:
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, қазақ философиясы және фарабитану орталығының жетекшісі.
Негізгі ғылыми жетістіктері:
150-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде 2 жеке монография, 1 брошюра және 14 ұжымдық монографияның қосавторы.
Марапаттар:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік стипендиясы (1995-1996); Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі жанындағы Ғылым қорының гранты (1997);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Құрмет грамотасымен (2008);
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен (2016) марапатталған;
Шет тілі:
ағылшын тілі.