Жаманбалаева Шолпан Ерболқызы
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1993)
Ғылыми дәрежесі және ғылыми атақтары:
Әлеуметтану ғылымының докторы, диссертация тақырыбы: «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын социологиялық талдау» (2003 ж.)
Қазақстан Әлеуметтану академиясының академигі (2008), Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының академигі (2020), профессор
Ведомстволық наградалары:
Медальдары: «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» (2020 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.)
Басқа марапаттары:
Төсбелгілері: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007), «Ы.Алтынсарин (2009), «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» (2010);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары (2007, 2006, 1997 ж.)
Еңбек қызметі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті. (1993-2000);
М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры. (Логистика және көлік академиясы) (2003-2008);
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры (2008-2021);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (03.2021 ж. бастап);
Ғылыми жарияланымдары:
150-ден астам ғылыми оқу басылымдары мен публицистикалық еңбектердің авторы.