← Назад к списку

Мәскеу және Санкт-Петербург (Ресей) қалаларына қызметтік іссапар есебі

    Мен, Айтымбетов Нүркен Ысқақұлы 2021 жылдың 17-24 қыркүйегі аралығында Мәскеу және Санкт-Петербург (Ресей) қалаларында №АР09057996 «Қазақстандық жастардың саяси мәдениетіне цифровизацияның ықпалы» (2021-2023 жж.) атты ғылыми-зерттеу жобасының міндеттерін атқару мақсатында қызметтік іссапарда болдым.

    Қызметтік іссапар негізінен 2021 жылдың ҚР БҒМ ҒК бекіткен күнтізбелік және бюджеттік жоспарына сәйкес Гонконг (Гонконг) қаласына жоспарланған болатын. Іссапардың басты мақсаты цифрлы технологиялардың әсерінен жастардың саяси мәдениетінің өзгеруін және цифрлы мәдениет саласында жаңа мүмкіндіктерді зерттеу бойынша Гонконг тәжірибесін қарастыру болып табылды. Алайда, әлемде коронавирустың таралуына байланысты Гонконг қаласында шетел азаматтары үшін енгізілген карантиндік іс-шаралар нәтижесінде қатаң шектеулердің болуына байланысты іссапарға шығу мүмкін болмады. Сол себепті 2021 жылдың 24 мамырындағы Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша отырысының №8 Хаттамасының №2 Көшірмесіне сәйкес жобаның күнтізбелік жоспарына ғылыми іссапарды Мәскеу және Санкт-Петербург (Ресей) қалаларына ауыстыру бойыша өзгерістер енгізуге рұқсат алдым.

    Қазақстан өз ішінде цифровизация саласын дамытуда Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатқан мемлекет. Осы бағытта 2020 жылы Еуразиялық Экономикалық Одақтың (ЕАЭО) үкіметаралық кеңесінде экономикалық және мәдени интеграция аясында екіжақты ынтымақтастық одан әрі қарай дамыту бойынша меморандумға қол қойылды. Ресей посткеңестік кеңістікте орналасқан мемлекеттер арасында экономикалық саланы цифрландыру бойынша көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Осы орайда біздің жоба бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы цифрлы технологиялардың әсерінен қазақстандық және ресейлік жастардың саяси мәдениетінің өзгеруі мен цифрлы мәдениет саласында жаңа мүмкіндіктерді салыстыра отырып зерттеуге қызығушылық тудырды.

    Жалпы цифрлы технологиялардың жастардың саяси мәдениетіне тигізетін ықпалына цифровизация бойынша әлем көшбасшы елдерінің тәжірибелерін салыстыра отырып зерттеу жобаның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Салыстырмалы зерттеу арқылы цифровизацияның жастардың саяси мәдениетіне тигізетін ықпалының ортақ тенденцияларын анықтау және аталмыш елдер арасында саяси тұрақтылық пен саяси дамудың үйлесімінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын айқындау басты мақсат болып табылады.

    Бүгінгі күні Ресейде цифрлы технологиялар халықтың басым бөлігіне ақпараттың жылдам жетуі мен оның қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр. Бұл жағдай бүгінгі күні заманауи ақпараттық технологияларды жетік меңгерген және оған бейім ресейлік жастардың саясатқа белсенді түрде араласуына алып келді. Осыған байланысты ресейлік қоғамның цифрлы дамуға ерекше жылдам қарқынмен өтуіне байланысты цифрлы технологиялардың жастардың саяси мәдениетіне ықпалының арта түсуі де айқын көрініс тауып отыр. Себебі, қоғам ішінде өзара қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болатын кез-келген өзгерістердің ықпалына саяси мәдениет тез ұшырайтындығы белгілі.

    Қазақстандық және ресейлік ғылым саласында бұл мәселе екі ел зерттеушілері үшін де жаңа ғылыми бағыт болып табылады. Салыстырмалы зерттеу нәтижесі көрсеткендей Ресейде де бүгінгі күні қоғамның барлық саласына цифрлы технологияларды белсенді түрде ендіру кезінде ресейлік жастардың саяси көзқарастары пен идеялары, саяси мінез-құлқы мен бағыт-бағдарларының өзгеруіне ықпал етті. Сонымен бірге көптеген қазіргі ақпарат құралдарында таралатын және жастардың саяси санасына жағымсыз әсер ететін біржақты ақпараттар арқылы жастар манипулятивті өзара әрекеттің объектісіне айналады деген қауіп те бұл елде жоқ емес. Сондықтар цифрлы технологиялардың жастардың саяси мәдениетіне ықпалын бағалау ресейлік ғылыми қауымдастықты бір жағынан алаңдатып, екінші жағынан одан туындайтын беймәлім қауіп-қатерлерге алдын ала ғылыми болжамдар жасауға қызығушылықтар тудырып отыр.

    Осы мақсатта іссапар барысында жинақталған ғылыми материалдар және ресейлік сарапшылармен пікір алмасу арқылы цифрлы технологиялардың жастардың саяси санасы мен әлеуметтенуіне ықпалын зерттеу бойынша ресейлік тәжірибе мына мәселерге ерекше көңіл бөлу қажеттілігін көрсетті: Біріншіден, жаңғырушы қоғамның әлеуметтік және саяси институттары алдында, соның ішінде қазіргі уақытта Қазақстанның алдында басты міндет – жастардың цифрлы және саяси сауаттылығын қалыптастыру бойынша ұзақмерзімді тиімді стратегияларды іске асыру қажет. Екіншіден, жаппай цифрландыру жағдайында ұрпақтар тәжірибесімен тексерілген тұрақты адамгершілік қағидаттарына негізделген жастардың сыни ойлау қабілеті мен әлеуметтік мінез-құлық нормаларын дамыту керек. Үшіншіден, қазақстандық жастар өздерінің қоғамдық-саяси және күнделікті өмірінде әртүрлі ақпарат көздері арқылы таралатын ақпараттарды тұтынған кезде оқиғаларды рационалды талдау мен объективті түрде бағалай алатын қабілетті дамытуға баса мән берген жөн.

    Мәскеу және Санкт-Петербург (Ресей) қалаларына ғылыми іссапардың маңызды қорытындысы ретінде РҒА Философия институты ғалымдарымен, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті саяси институттар мен қолданбалы зерттеулер кафедрасының жас ғалымдарымен әріптестіс орнату, Ресей Ұлттық кітапханасынан жоба тақырыбына сәйкес ғылыми материалдар жинақтау болып табылады. Қолжеткізілген екіжақты ғылыми байланыс алдағы уақытта одан әрі өзінің жалғасын табатын болады.

 

«Қазақстандық жастардың саяси мәдениетіне

цифровизацияның ықпалы» жобасының

жетекшісі, PhD                                                                          Айтымбетов Н.Ы.


← Назад к списку