Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

КӨШЕРБАЕВ ДАСТАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ
Қадағалау кеңесінің тәуелсіз мүшесі

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты Қадағалау кеңесінің тәуелсіз мүшесі


Білімі

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті


Ғылыми дәрежесі мен атақтары

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің профессоры

Саяси ғылымдарының кандидаты


Еңбек қызметі

2002–2017 жж. – Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті философия және психология факультетінің саясаттану және социология кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі

2018–2020 жж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы директорының орынбасары

2020–2023 жж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері

Қазіргі уақытта – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер институтының директоры. ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Қадағалау кеңесінің тәуелсіз мүшесі