Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

НҰРМҰРАТОВ СЕРІК ЕСЕНТАЙҰЛЫ
Әлемдік және қазақ философиясы орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор

Білімі

1976-1981 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономикалық факультетінің студенті.  «Философия» мамандығы бойынша.

1985-1988 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Философия» мамандығы бойынша аспиранты.

1998-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Философия институтының «Философия» мамандығы бойынша докторанты.


Ғылыми тағылымдамалар

1987 ж. - Ресей Ғылым академиясының Философия институты (Мәскеу, РСФСР)

2008 - Сеул университеті. Дүниежүзілік философтар конгресіне қатысу (Сеул, Оңтүстік Корея)


Жұмыс тәжірибесі:

1981-1985 — Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтының оқытушысы.

1988-1999 жылдары - Қазақ КСР ҒА Философия және құқық институтында (1991 жылдан - Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы) кіші ғылыми қызметкерден аға ғылыми қызметкерге дейінгі қызметтерді атқарды.

2000-2012 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтында қазақ философиясы бөлімінің меңгерушісі.

2012-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары.

2021 жылдан - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры. (Қазір ҚР ҒЖБМ ҒК Әлемдік және қазақ философиясы орталығы)


Қоғамдық іс-шаралар

1. 1994-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия институтының Кәсіподақ комитетінің мүшесі және төрағасы.

2. 1996-2010 жылдары – ҚР ҰҒА Философия институты жанындағы философия бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы.

3. 1999-2025 жж. – Институттың «Адам әлемі» және «Әл-Фараби» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі.

4. 2016 – 2025 – Қазақстан философиялық конгресі тексеру комиссиясының мүшесі және төрағасы.

5. 2019-2020 ж. – Институттағы этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жауапты.

6. 2019-2025 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Философия», «Мәдениеттану», «Дінтану» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі.


Марапаттары

1998 ж. – Қазақстан Республикасы Мәскеу Ғылым академиясының Құрмет грамотасы

2004 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы

2008 жыл — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңген еңбегі үшін» медалі.

2009 ж. – Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдарына арналған ғылыми стипендия иегері

2016 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жас» медалі

2016 ж. – «Әл-Фараби атындағы ҚазУ 80 жыл» мерейтойлық медалі

2021 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30» медалі 


Ғылымиметриялық деректер қорларындағы профильдер

ORCID: 0000-0003-2038-3056

Scopus Author ID: 57197868107

Google Scholar: https://scholar.google.com/citations?hl=ru&user=l9OsZCIAAAAJ 

Web of Science Researcher ID: FPX-7620-2022