2026 жылғы 10 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институтында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Дінтану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен кездесу өтті.
10.11.2026

Кездесуді Институттың Дінтанулық зерттеулер орталығының жетекшісі Алмасбек Шағырбай өткізді. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Нұрлан Орынбеков те қатысты.
Кездесу барысында Қазақстандағы дінтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы, қазіргі діни үдерістер, діни сауаттылық, зайырлылық қағидаттары және қоғамдағы діни тұрақтылық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, дінтанушы мамандарды даярлау, ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары және болашақ мамандардың кәсіби дамуы жөнінде пікір алмасты.