Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ИНСТИТУТТА АШЫҚ ЕСІКТЕР КҮНІ ӨТТІ
15.09.2026
ИНСТИТУТТА АШЫҚ ЕСІКТЕР КҮНІ ӨТТІ
15 қыркүйекте Философия, саясаттану және дінтану институтында жас ғалымдар, студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған Ашық есіктер күні өтті.

Іс-шараны Институттың Бас директоры Айгүл Садвокасова құттықтау сөзімен ашты. Кездесуге Институт басшылығы мен ғылыми орталықтардың өкілдері де қатысты.

Кездесу ФСДИ ғылыми-зерттеу қызметімен, ғылыми орталықтардың негізгі жұмыс бағыттарымен, басылымдарымен және кәсіби әрі ғылыми дамуға арналған мүмкіндіктерімен таныстыруға арналды.

Қонақтар ғылыми орталықтардың жұмысымен танысып, зерттеушілермен әңгімелесті, Институттың жұмыс кеңістігі мен кітапханасын аралады. Сондай-ақ Институт қызметкерлері мен ғалымдарының ғылыми еңбектері ұсынылған кітап көрмесімен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды. Қатысушылар докторантурада білім алу, ғылыми тағылымдамадан өту және бірлескен ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Ашық форматтағы кездесу қатысушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасуына және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауына мүмкіндік берді.