ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
17.11.2026
ФСДИ Әлеуметтану орталығы мен Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығының қызметкерлері бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Шолпан Джаманбалаеваның қатысуымен «Жасанды интеллект және әлеуметтік әділеттілік этикасы: Қазақстандағы қоғамды жаңғырту үдерістеріндегі мүмкіндіктер мен тәуекелдерді тұжырымдамалық пайымдау» ғылыми жобасы аясындағы эксперименттік зерттеулердің барысын талқылады.
Кездесуде жасанды интеллект қабылдайтын шешімдердің әділеттілігін қоғамның қабылдауы және алгоритмдерге деген сенімге әсер ететін факторлар негізгі назарға алынды.
Талқылауға жоба орындаушысы, AlmaU университетінің Мінез-құлық және эксперименталды экономикасы зертханасының жетекшісі, Экономика жоғары мектебінің аға ғылыми қызметкері (Мәскеу, Ресей) Алексей Белянин де қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар сарапшылық пікірлерімен алмасып, эксперименттік зерттеулерді одан әрі жүргізу бойынша алдағы міндеттерді айқындады.