Сарапшылық кездесу
25.11.2026
25 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институтында Венгрия халықаралық қатынастар институтының Посткеңестік өңірді зерттеу орталығының жетекшісі Sándor Seremet (PhD) қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында посткеңестік кеңістіктегі өзекті саяси және экономикалық үдерістер, өңір дамуының қазіргі тенденциялары және оның даму динамикасына ықпал ететін негізгі факторлар қарастырылды.
Атап айтқанда, өңір елдерінің саяси және экономикалық жүйелеріндегі трансформация үдерістеріне, сондай-ақ олардың одан әрі даму перспективаларына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, талқылау аясында посткеңестік кеңістік елдерінің сыртқы әріптестермен қарым-қатынасы, халықаралық жағдайдың өзгеруі аясында олардың сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарының өзгеру мәселелері қозғалды.
Sándor Seremet посткеңестік өңірді зерттеу саласындағы сарапшылық бағалауларымен және ғылыми-зерттеу тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланған тақырыптар бойынша пікір алмасты.